13.7 C
Нарынкол
Пятница, 20 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Халықтық штаб Албан Асан Барманбекұлы атындағы мектеп гимназиясының ұжымымен кездесті

Кездесуде атом электр станциясының жобасы, оның техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік шаралары талқыланды. Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«Біз атом электр станциясының заманауи технологиялары мен қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін осындай кездесулерді ұйымдастырамыз. Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және халықтың пікірі өте маңызды. Сондықтан, барлықтарыңызды 6 қазанда өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Арипова Гулнара Рауанқызы.
Кездесу барысында атом электр станциясының жобалау, салу және пайдалану кезеңдерінде сақталатын қауіпсіздік шаралары егжей-тегжейлі баяндалды.
Штаб өкілдері қазіргі заманғы реакторлардың пассивті қауіпсіздік жүйелері мен радиациялық бақылау әдістері туралы мәліметтерді ұсынып, қызметкерлердің қызығушылықтарын қанағаттандырды. Референдумға қатысудың ел болашағы үшін маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар