13.2 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат"INSER” жарнама агенттігі

«INSER” жарнама агенттігі

Райымбек ауданында Нарынқол ауылындағы
«INSER” жарнама агенттігі, “ӘЛИЖАН” дүкенін білмейтін адам жоқ. Аталған кәсіптің иесі, Алматы облыстық Іскер әйелдер кеңесінің кеңесінің мүшесі,Райымбек ауданының Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, Райымбек аудандық Іскер әйелдер кеңесінің кеңесінің төрайымы, жас кәсіпкер Іңкәр Бекдәулетқызы. Көпбалалы ана
2018 жылы өз кәсібін үйінің бір бөлмесінен бастаған. 6 жылдық жемісті еңбектің нәтежиесінде INSER жарнама агенттігін ашты.
Қазіргі таңда INSER жарнама агенттігі Райымбек ауданы бойынша жабдықталған алғашқы жарнама агенттігі. Райымбек ауданы тұрғындарын фото- көрнекіліктер шығару, сканерлеу, көшірме жасау, баннер стенд жасау тағы сол сияқты көптеген қызмет түрлерімен қоса ерекше заттарымен сұранысқа ие әмбебап дүкен халыққа қызмет етуде. Оннан астам апараттармен , 7 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сипаты бөлек, қолданысы ерекше тауарлар арқылы халық қажеттілігін өтеп, кәсібін өрге домалатып жүрген “Алижан” әмбебап дүкені INSER group жарнама агенттігінің иелері — ерлі — зайыптылар Серікжан Ерланұлы мен Іңкәр Бекдәулетқызы 2018жылы Жас ауданымыз бой көтерген сәттен оймақтай ғана үйден бастап қазіргі таңда — зор сұранысқа белді кәсіп иелеріне айналғандай.Алғашында балаларының жүзіне күлкі сыйлауды мақсат еткен, көпшілік қауым мерекелік шаралар өткізуге арналған жабдықтар және сыйлық мәселесінде, фотосалон қажеттілігінде айтарлықтай қиындықтарға душар болатын. Осы мұқтаждықты дөп басқан ана ол шақта бала күтімімен үйде отырған еді. Қол қусырып қарап отырмастан, арнайы мерекелік шарларды сатуды бастап,құжаттарды басып шығарып ілгерілей келе үлкен дүкен және жарнама агенттігі иесіне айналды.

Жаңалықтар