Кез келген мықты мемлекеттің іргетасы заңның мүлтіксіз орындалуымен өлшенеді. Заңның үстемдігі бар жерде халықтың ертеңгі күнге деген сенімі жоғары болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғамның басты идеологиясына айналуы тиіс. Бұл — әрбір азаматтың құқығы тең дәрежеде қорғалатын Әділетті Қазақстанды құрудың жалғыз жолы.

