Басты құжат

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат. Ел өміріндегі маңызды өзгерістер мен жаңа талаптар қоғамның құқықтық негізін жетілдіру қажеттілігін туындатады. Жаңа Конституцияның мәні де мемлекеттің тұрақты дамуына, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталуымен ерекшеленеді.

Конституцияны құрметтеу – әр азаматтың Отанға деген жауапкершілігінің бір көрінісі. Негізгі заңда бекітілген құқықтарды білуімен қатар, азамат өз міндеттерін де орындауы қажет. Заң мен тәртіп үстемдік құрған қоғамда әділдік, тұрақтылық және азаматтардың өзара сенімі нығаяды. Сондықтан Конституция талаптарын сақтау – ел болашағына ортақ жауапкершілік.

Предыдущая статья
Следующая статья

Жаңалықтар