Меншік құқығы

Меншік – әр азаматтың заңмен қорғалатын маңызды құқықтарының бірі. Үй, көлік, жер телімі, мал-мүлік немесе басқа да жеке заттар адамның еңбегі мен қаражатының нәтижесі болып табылады. Сондықтан бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, өз мүлкін ұқыпты сақтау және құқықтық талаптарды білу – әр азаматтың міндеті. Меншік құқығын құрметтеу қоғамдағы заңдылық пен өзара сенімді нығайтады.

Мүлікті қорғау үшін қауіпсіздік шараларына да жауапкершілікпен қараған жөн. Құжаттарды дұрыс сақтау, үй-жайдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау және күмәнді жағдайларда құқық қорғау органдарына жүгіну маңызды. Өзгенің мүлкіне заңсыз қол сұғу құқықтық жауапкершілікке әкелетінін әр адам түсінуі керек. Заңды сақтау – өзгенің құқығын құрметтеуден басталады.

Предыдущая статья
Следующая статья

Жаңалықтар