Жастар және заң

Жастар – елдің болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан жас буын арасында заң мен тәртіпті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру маңызды. Жастар заң талаптарын жақсы біліп, өз әрекетінің салдарын түсінген жағдайда түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады. Білім алу, еңбек ету, спортпен және шығармашылықпен айналысу – жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, дұрыс бағытта дамуына мүмкіндік береді.

Заңға құрмет отбасынан, мектептен және қоршаған ортадан қалыптасады. Үлкендердің өнегесі мен қоғамның қолдауы жастардың жауапкершілігін арттырады. Әрбір жас өз құқығын ғана емес, өз міндетін де түсініп, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосса, бұл елдің қауіпсіздігі мен болашағына жасалған маңызды қадам болмақ.

Предыдущая статья
Следующая статья

Жаңалықтар