Отбасы – адамның қорғаны мен тірегі болуы тиіс. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қоғамның кез келген түріне бейжай қарауға болмайды. Зорлық-зомбылық физикалық күш көрсетумен ғана шектелмейді. Психологиялық қысым, қорқыту, қорлау, экономикалық шектеу де адамның құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді.
Мұндай жағдайға тап болған адам жалғыз қалмауы керек. Зорлық белгілерін байқаған жақындары да үнсіз қалмай, тиісті көмекке жүгінуге ықпал ете алады. Отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік және мәдени қарым-қатынас – қауіпсіз шаңырақтың негізі. Зорлық-зомбылықты жасыру емес, оның алдын алу мен дер кезінде көмек көрсету – ортақ міндет.

