Конституция азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершіліктің құқықтық негізін қалыптастырады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен қатар, қоғам алдындағы міндеттерді орындаудың да маңызын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда Конституция – тек заңгерлерге арналған құжат емес, әр азамат білуге тиіс негізгі құқықтық негіз.
Құқықтық мемлекет азаматтардың заңды түсінуінен басталады. Өз құқығын білетін, бірақ міндетін де ұмытпайтын азамат қоғамдық қатынастардың тұрақты болуына ықпал етеді. Конституциялық қағидаларды құрметтеу – күнделікті өмірдегі жауапты әрекеттен көрінеді.

