Сүмбе ауылдық округіне этнос өкілдері арнайы келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Бұл – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, ортақ Отанға деген құрметтің айқын көрінісі.Сайлау учаскесіне жиналған азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, елдің болашағына қатысты маңызды таңдауларын білдірді. Әрбір азаматтың белсенділігі – қоғамның дамуына деген жауапкершіліктің белгісі.Бір шаңырақ астында түрлі этнос өкілдерінің тату- тәтті өмір сүріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне бірге атсалысуы – Қазақстан халқының басты құндылықтарының бірі.Бірлігіміз жарасқан, ынтымағымыз ырысты болсын!Ел таңдауымен – жарқын болашаққа бірге!


