ДомойЖаңалықтар | Новости600 шақырым артта: Астанадан Алматыға бет алған велошабандоздар Ілеге жетті

600 шақырым артта: Астанадан Алматыға бет алған велошабандоздар Ілеге жетті

Астанадан басталған сапар, 600 шақырымнан астам жол және бірнеше қала. «Құрылтайға жол» веломарафонының қатысушылары бүгін Алматы облысының Іле ауданына жетті. Кезекті аялдама — Күрті ауылы.Елордадан Ару Алматыға бағыт алған велошеру Мендыбай Алимгазинов пен оның шәкірттерін бір бағытқа тоғыстырды. Жол бойында спортшыларды елді мекен тұрғындары қарсы алып, сапарға сәттілік тілеуде.Күртіге дейін велошабандоздар 600 шақырымнан астам жолды артқа тастады. Бұған дейін Балқаш қаласына аялдаған команда жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп, қала туын қабылдап, сапарын Алматы облысына қарай жалғастырған.Бүгін велошабандоздарды Күрті ауылының тұрғындары мен белсенді жастары арнайы қарсы алды. Алыс жолдан келген қонақтарға қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіліп, ақ жол тіленді.«Бұл — жай ғана велосипедпен жүріп өтетін шақырымдар емес. Әр елді мекенде бізді қарсы алған адамдардың ықыласын, ақ тілегін сезінеміз. Осындай кездесулер жолдағы шаршауды ұмыттырып, алға қарай жүруге күш береді», — дейді Мендыбай Алимгазинов.Велошабандоздар бүгін Күрті ауылында аялдап, ұзақ жолдан кейін тынығып, келесі кезеңге күш жинайды.Артта — 600 шақырымнан астам жол. Алда — сапардың соңғы межелерінің бірі.Келесі бағыт — Алматы.

Жаңалықтар