Конституция азамат пен мемлекет арасындағы негізгі құқықтық қатынастарды айқындайтын басты құжат болып табылады. Онда адамның құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ азаматтың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттеріне қатысты негізгі қағидалар бекітілген.
Конституциялық құндылықтарды құрметтеу тек мерекелік күндерде еске алумен шектелмеуі керек. Олар күнделікті өмірде көрініс табуы қажет. Өз құқығын пайдалана отырып, өзгенің құқығын да ескеретін азаматтық ұстаным – құқықтық қоғамның маңызды белгісі.

