-8.1 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномҰлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді

Ұлттық жобаның шеңберінде ауылда 263 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны (МСАК) аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде өңірлердің картасында 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік-акушерлік пункт, 115 медициналық пункт пайда болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Биылғы жылы ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылардың қатарында: 38 нысан салынған Солтүстік Қазақстан облысы, 37 нысан салынған Түркістан облысы, 18 нысан салынған Жамбыл облысы, 19 нысан салынған Қостанай облысы, 24 нысан салынған Ақмола облысы бар.
Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдық елді мекендерде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарланған, оған 257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория салу кіреді.
Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру мақсатында 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық аурухананың инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ұлттық жоба ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын салу ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің, жүкті әйелдер мен балаларды патронаждаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, диспансерлік науқастарды байқауға, амбулаториялық оңалтуға және медициналық көмектің басқа да түрлеріне мүмкіндік береді.

Жаңалықтар