Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚонаевта флайбордшы «Әділет» туымен су үстінде шоу көрсетті

Қонаевта флайбордшы «Әділет» туымен су үстінде шоу көрсетті

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында ерекше шоу өтті. Флайбордшы қыз «Әділет» туымен су үстіне көтеріліп, түрлі трюк көрсетті. Осы уақытта су айдынына желкенді қайықтар шығып, аспанға «Әділет» жазуы бар алып әуе шары көтерілді.

Шара жағалауда демалып жүрген тұрғындар мен қала қонақтарының назарын аударды. Флайбордшы су ағынының күшімен бірнеше метр биіктікке көтеріліп, түрлі қимылдар орындады. Көрсетілім кезінде ол «Әділет» туын желбіретті.

Шоумен қатар Қапшағай су қоймасының айдынына желкенді қайықтар шықты. Ал «Әділет» жазуы бар алып әуе шары жағалаудың әр тұсынан алыстан көзге түсті.

Жағалауда «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдау алаңы да жұмыс істеді. Мұнда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, қала мен өңірдің дамуына, инфрақұрылымға, абаттандыруға және әлеуметтік салаға қатысты ұсыныс-тілектерін қалдырды.

«Әділет» партиясы Алматы облыстық штабының мүшесі Серік Нұрқадыровтың айтуынша, қоғамдық қабылдау алаңы тұрғындардың пікірін тікелей тыңдау мақсатында ұйымдастырылған.«Бүгін жағалауда тұрғындар алдын ала жазылмай-ақ келіп, өз пікірін ашық айта алатын қоғамдық қабылдау алаңын ұйымдастырдық. Мұнда абаттандыру мен инфрақұрылымнан бастап, әлеуметтік салаға дейінгі түрлі мәселелер бойынша ұсыныс-тілектерді жинап жатырмыз. Барлық өтініш тіркеліп, зерделенеді. Біз үшін тұрғындардың ұсынысы жай сөз күйінде қалмай, жүйеленіп, алдағы жұмыста ескерілуі маңызды», – деді Серік Нұрқадыров.Жағалаудағы шоу қоғамдық қабылдау алаңына да жұртшылықтың назарын аударды. Демалуға келген тұрғындардың бірқатары әуе шары мен судағы көрсетілімді көріп, алаңға келіп, өз ұсыныстарын қалдырды.Қонаев тұрғыны Григорий Мерисовтың айтуынша, оның назарын алыстан көрінген алып әуе шары аударған.

«Жағалауда демалып жүргенде алыстан үлкен әуе шарын көрдік. Қызығып, жақындап келсек, мұнда шоу өтіп, қоғамдық қабылдау алаңы жұмыс істеп жатыр екен. Әсіресе флайбордшы қыздың өнері ұнады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өз ұсынысымды да қалдырдым. Қонаев өсіп келе жатқан қала. Сондықтан қаламызда жеке театр ғимараты ашылса деген тілегімді айттым. Мұндай мәдени орын ересектерге де, жастар мен балаларға да қажет деп ойлаймын», – деді Григорий Мерисов.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардан түскен өтініштер мен ұсыныс-тілектер тіркеліп, жинақталды.

Жаңалықтар