ДомойЖаңалықтар | Новости«Таза бейсенбі»: Іле ауданында 3 мыңнан астам адам сенбілікке қатысты

«Таза бейсенбі»: Іле ауданында 3 мыңнан астам адам сенбілікке қатысты

6 тамыз күні Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті.Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 3001 адам қатысып, 25 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 25 гектар аумақ тазартылып, 64 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері, қоғамдық орындары мен әлеуметтік нысандардың маңайы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов тазалық мәдениетін қалыптастыру әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.– Таза аудан – бір күндік акцияның емес, күнделікті жауапкершіліктің нәтижесі. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрбір тұрғынның қосқан үлесі маңызды. Осындай игі бастамаларға белсенді қатысып жүрген барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Бірге еңбек етсек, ауданымызды одан әрі көркейте аламыз, – деді аудан әкімі.«Таза бейсенбі» акциясы Іле ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жаңалықтар