Заң үстемдігі – әділетті қоғамның басты қағидаларының бірі. Әр азамат заңды құрметтеп, белгіленген талаптарды орындағанда ғана елде тұрақтылық пен тыныштық сақталады.
Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Әсіресе жастардың заңға құрметпен қарауы, өз құқықтары мен міндеттерін білуі – болашақтағы қауіпсіз қоғамның кепілі.
Заң мен тәртіпті сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті.

