Домойhantengrigazeti.kz ақпарат“Жастар – ел болашағына бастар басты күш

“Жастар – ел болашағына бастар басты күш

”Қазақ халқы үшін құрылтай – ұлттың бірлігі мен елдік мүддесі тоғысатын, маңызды мәселелер ақылдасып шешілетін тағылымы мол дәстүр. Бүгінде бұл құндылық заман талабына сай жаңарып, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты қалыптастыратын, елдің дамуына тың серпін беретін маңызды алаңға айналып отыр.

23 тамыз күні өтетін құрылтай – жастардың да үнін еститін, олардың бастамалары мен ұсыныстарына ерекше мән берілетін келелі басқосу. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық келісім, білім, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, еріктілік және жастар саясатының өзекті бағыттары кеңінен талқыланып, болашаққа бағытталған нақты міндеттер айқындалады.

Қазіргі таңда жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан әрбір жас өз елінің дамуына жауапкершілікпен қарап, қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажет. Құрылтай – жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Бұл – туған өлкенің өркендеуіне үлес қосып, ортақ іске атсалысудың жарқын үлгісі.

Бүгінгі таңда мемлекет жастардың білім алуына, кәсіп бастауына, тұрғын үйге қол жеткізуіне, шығармашылық және қоғамдық бастамаларын жүзеге асыруына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін жастардың өздері де белсенділік танытып, елдік бастамаларға атсалысуы аса маңызды.

Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Елдің ертеңі – жастардың қолында. Сондықтан бірлік пен татулықты ту етіп, қоғамдағы оң өзгерістерге бірге үлес қосу – әрбір жас азаматтың парызы.

Берекелі бірлік пен ортақ мақсат жолындағы құрылтай – ел дамуының жаңа белестеріне бастайтын маңызды қадам. Бірлігі мығым, жастары белсенді елдің келешегі де кемел болары сөзсіз.

Алтынбек Нұрберген Нұрқанатұлы

Жас белсенді

Жаңалықтар