Жеке меншікке қол сұғу – заңмен қудаланатын құқық бұзушылық. Ұрлық, алаяқтық және бөтен мүлікке қасақана зиян келтіру қоғамға материалдық қана емес, моральдық шығын да әкеледі.
Өз мүлкін қорғау үшін тұрғындар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, сенімді құлыптар мен бейнебақылау жүйелерін пайдаланғаны жөн. Сонымен қатар күмәнді әрекеттер байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлаған дұрыс.

