Заң үстемдігі – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі қағидаты. Әр азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарағанда ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптасады. Қазақстанда құқықтық мәдениетті арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Заң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы заңды құрметтеуден және өз міндеттерімізді адал орындаудан басталады.

