ДомойЖаңалықтар | Новости2026 жылғы 23 шілдеде Райымбек ауданының Нарынқол ауылында орналасқан О. Жандосов атындағы...

2026 жылғы 23 шілдеде Райымбек ауданының Нарынқол ауылында орналасқан О. Жандосов атындағы мектеп пен Т. Жанұзақов атындағы орта мектеп ұжымдарының мүшелерімен кездесу өтті

Кездесу барысында «Әділет» партиясының өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына қатысты өздерінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар мен ұсыныстарды таныстырды. Атап айтқанда, әлеуметтік сала, білім беру жүйесі, ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік басқару мәселелері жөнінде ақпарат берілді.Іс-шараға мектептердің педагогтері мен қызметкерлері қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Қатысушылар білім беру саласының қазіргі жағдайы, мұғалімдердің еңбек жағдайы, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы, оқушыларға арналған мүмкіндіктерді кеңейту, елді мекендердегі жол, ауызсу және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері бойынша пікірлерін білдірді.Сонымен қатар ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен талап-тілектері тыңдалып, оларды тиісті деңгейде қарау қажеттігі айтылды. Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Партия өкілдері көтерілген мәселелерді назарға алып, олардың сайлауалды бағдарламаның тиісті бағыттарымен байланысын түсіндірді.Іс-шара пікір алмасу форматында өтіп, оған қатысушылар сайлау үдерісіне қатысты өз ойларын білдірді. Кездесу соңында айтылған ұсыныстарды жинақтау және оларды алдағы жұмыстарда ескеру мәселесіне назар аударылды.

Жаңалықтар