Әр таңдау – ел мүддесіне қосылған үлес

Мемлекеттің тұрақты дамуы мен қоғамның өркендеуі әрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан ел өміріндегі маңызды саяси науқандарға қатысу – ортақ жауапкершіліктің көрінісі.

Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – әр азаматтың өз пікірін білдіріп, елдің болашағына қатысты таңдауға қатысуына берілген мүмкіндік. Саналы таңдау жасау арқылы біз әділдікке, ашықтыққа және қоғамдық келісімнің нығаюына өз үлесімізді қоса аламыз.

Азаматтық белсенділік тек құқықты пайдалану ғана емес, елдің дамуына деген жанашырлықтың белгісі. Қоғамдық мәселелерге бейжай қарамай, өз көзқарасын білдіретін халық қана қуатты мемлекет қалыптастырады.

Еліміздің ертеңі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан әрбір азаматтың белсенді қатысуы мен саналы таңдауы Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.

Омарова Балжан Әбуқызы

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы

Предыдущая статья

Жаңалықтар