ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

     Ағымдағы жылдың тамыз айында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» тікелей мұрындық болуымен «Менің әлемімде зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тұрмыстық, психологиялық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында Райымбек ауданының полиция бөлімінің ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Баян Жанысбекқызы мен аудандағы «Еріктілер» тобымен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

      Кездесу барысында ел-жұрттың көп жиналатын аймақта (қазпочта, ХҚКО, сауда нүтелері мен базарларда) адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса әр адам өзінің азаматтық құқықтарымен, бас бостандықтарын қорғауы тиіс. Егерде зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда азаматтарымыз дереу 112 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалып, тиісті жағдай бойынша хабар бере отырып, аудандық полиция бөліміне өз арыз-шағымдарын жаза алады. Осыған орай, азаматтардың құқықтарын жүзеге асырған кезде, психологиялық тұрғыда денсаулығына зиян келтірген жағдайда, психолог маманының көмегіне жүгінгені жөн. Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғындарға құқықтық және психологиялық тұрғыда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін біріншіден, мектеп мұғалімдері, психологтар, ата-аналар араласуы керек. Аталмыш жағдайдың алдын алу халықтың арасында құқықты түсіндіру, барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру. Осы мақсатпен аудан тұрғындарына зорлық-зомбылықтың куәсі болмауының алдын-алу шараларын қамтамасыз ету үшін аталған орган өкілдері тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Ақнұр КЕРІМЖАН,

аудандық Жастар ресурстық

орталығының маманы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password