Зияткерлік ойыны өкізілді

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мемлекеттік қызмет көрсетушілер арасында «Қызмет білгірлері» атты зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Өткізілген зияткерлік сайысты Райымбек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі ұйымдастырып, жас мемлекеттік қызметшілер арнайы топқа бөлініп, сайыстағы білім деңгейлерін анықтауға тырысты.

 Ауданымызда мемлекеттік қызмет көрсетушілер арасында ұйымдастырылған «Қызмет білгірлері» атты зияткерлік ойыны өткізілді.

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен және Райымбек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері арасында «Қызмет білгірлері» атты зияткерлік ойыны ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған зияткерлік  ойынның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді насихаттау және арттыру, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің арасында достық қарым-қатынасты нығайту, белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, мәдени қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Қызмет білгірлері зияткерлік ойынына 5-топ қатысып, бақтарын сынады. Ойынның нәтижесі бойынша I орынды-Тәуелсіздік тірегі тобы алса, жүлделі  II орынға – «Хантәңірі» тобы тұрақтады.  Қоланы қанағат тұтқан                Көкбөрі  тобы III орыннан көрінді. Сайысқа қатысқан  жеңімпаз командаларға Департамент басшысының және аудан әкімінің грамотасы мен естелік сыйлықтар табысталды. Алдағы уақытта білім деңгейін арттыратын осы сынды зияткерлік сайыстар тұрақты түрде өткізілетін болады.

       Мадина Нұрмұханбетқызы,

  Райымбек ауданы әкімі аппаратының

                                                       мемлекеттік қызметтер мониторингі

                        және ақпараттық технологиялар

                                                                             бөлімінің   басшысы.

             

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password