Өзіңе сен

   Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ақылды бейсенбі» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында Түркияның үздік университеттерімен танысты. Жоба қонағы Хусейн Ұзунбойлы – Анкара Таяу Шығыс техникалық университетінің докторы, профессоры.
Кездесу тікелей диалог форматында өтті. Профессор әртүрлі елдердегі оқыту тәжірибесі туралы, Түркияның ғана емес, әлемнің ТОП-үздік университеттеріне қалай түсуге болатыны туралы айтып берді, сондай-ақ Анкарадағы жетекші университеттердің бірі, Таяу Шығыс техникалық университетімен таныстырды.
Таяу Шығыс техникалық университеті Түркияның ұлттық рейтингінде екінші орында. Университет тұрақты түрде Түркиядағы үздік оқу орындарының 5%-на кіреді. Сондай-ақ университеттің ең күшті оқу бағыттары: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент».
Университет студенттердің академиялық алмасу бағдарламаларына белсенді қатысады. 40-тан астам бакалавриат бағдарламаларын, жүзден астам магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады.
Шетелден келген талапкерлер үшін факультет таңдау, емтихан тапсыру және қажет болған жағдайда ағылшын тілін жақсартуға көмектесетін «Халықаралық студенттер кеңсесі» арнайы орталығы құрылған болатын.
– Сырттан берілген кез келген баға, кез келген тенденция құбылмалы және салыстырмалы. Тек сіздің қабілеттеріңіз өте маңызды. Оларға сеніңіз, жүрегіңізге сеніңіз. Өзіңді ізде. Сіздің талантыңыздың қандай екенін өзіңізден басқа ешкім айтпайды, сізге қандай білім қажет екенін шешпейді», — дейді профессор Хусейн Ұзынбойлы НЗМ оқушыларына.
Өз кезегінде Зияткерлік мектеп оқушылары алғыс ретінде «Ерке Сылқым» күйін орындады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password