Жылжымалы медициналық кешенді автобусымен дəрігерлер тұрғындарға көмек көрсетті
8.11.2022ж
Райымбек аудандық ауруханасының жылжымалы медициналық кешенді автобусымен дəрігерлер Қызыл Шекара ауылының тұрғындарына көмек көрсетті.
Жылжымалы медициналық кешенді автобусы рентген және флюорография, ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен қамтамассыз етілген.
Қызыл Шекара ауылында РПН бойынша — 1209адам тұрады .
Жылжымалы медициналық кешенді автобусына қаралған науқастар саны:
Отоларингология дәрігеріне — 31науқас,
Рентгенге түскендер -55 науқас,
Офтальмолог дәрігеріне — 32науқас қаралды.
Психиатр дәрігеріне — 18.
Гинеколог дәрігеріне -25 науқас қабылдап, кеңестерін берді.
Жылжымалы медициналық кешенді автобустың көмегімен жыл сайын скринингтен қатерлі аурудан өтетін адамдарға көмегі мол.
Скрининг бойынша:
-Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау план бойынша -130 адам, оның 110адам өткен 84 %
-Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер план бойынша 131 адам, оның 111адам өткен 84 %
-Жатыр мойны обырын ерте анықтау план бойынша 57 адам, оның адам өткен 30, 52%
-Сүт безі қатерлі ісігін алдын алу план бойынша 67 адам, оның 45 адам өткен 67%
-Колоректальды обырды ерте анықтау план бойынша 84 адам- 77 адам өткен 91%. орындаған.
Қызыл-Шекара ауылында РПН бойынша халық саны- 1209 ,медициналық сақтандырылмаған адам саны- 128.
Медициналық сақтандыруы бар тұрғындар скринингтен уақытылы өтеді және жылжымалы медициналық кешенді пайдалана алады. Сақтандырылудың маңыздылығы зор.
Жылдымалық медициналық кешен аудандағы 20 елді мекендердің тұрғындарды профилактикалық тексеруден жылына екі рет өткізеді. Кесте бойынша алдын ала елді мекендерге медицина қызметкерлеріне және тұрғындарға хабарланып отырады.
0 Пікір