Жылдың үздік қызметкерлері  марапатталды

  Жыл үздіктері анықталып,  доңыз жылы да қорыдтындыланды. Осыған орай  Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі – 2019» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Аталған шарада ауданымызда қызмет жасап жүрген, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, өз мамандығының майталманы деп танылған жыл үздіктері марапатталды.  Бас қосудың алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов алды. Сонымен қатар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген жылдың үздік қызметкерлерін марапаттады. Жалпы саны 26 қызметкер аудан әкімінің қолынан дипломдар алды. Аудан әкімдігінің тарапынан «Жыл адамы» марапатымен 13 қызметкер, ал Жастар ресурстық орталығының тарапынан 13 жас қызметкер «Жыл үздігі-2019» дипломымен құрметтелді.

      «2019 жыл – Жастар жылы» болып аталғаны белгілі. Осы жылды қортындылай келе төмендегі аталған жас қызметкерлер жыл үздігі деп танылды. Жастар жылында «Үздік жас ұстаз» Т. Жанұзақов атындағы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Мадина Шаймерденқызы, «Үздік жас дәрігер» аудандық ауруханасының, Терапия бөлімінің меңгерушісі Әуелхан Ернат Бектұрсынұлы, «Үздік жас әскери қызметкер» аудандық полиция бөлімі, Тергеу бөлімшесінің, аға тергеушісі Нұрқанат Қанат Есдәулетұлы, «Үздік жас әлеуметтік қызметкер» аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кеңесші маманы Аманбек Ел-Аман Түменбайұлы, «Үздік жас журналист» «Хантәңірі» газетінің тілшісі Дастан Қасенұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Нұрмұханбетқызы Мәдина, «Үздік жас мәдениет қызметкері» аудандық әкімдігінің Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінің режиссеры Сабырақын Қадыржан Серікбекұлы, «Үздік жас спортшы» Тегістік ауылдық округінің спорт жөніндегі нұсқаушысы Тельман Айбар Үмбетжанұлы, «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» Қақпақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Алтай Дархан Серікбайұлы, «Үздік жас орман қорғаушы» Сарыжаз ауылындағы №8 кәсіптік лицейі, фермерлік шаруашылығы мекемесінің оператор мамандығы бойынша жұмыс атқаратын Иманғожаев Думан Айболұлы, «Үздік жас кәсіпкер» «Шашбаулым» жеке кәсіпкерліктің директоры Қасым Сымбат Ұланқызы, «Үздік ерікті» Т. Жанұзақов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дәукен Айгерім Ерланқызы атанды.

Аудан әкімдігінің тарапынан «Жыл адамы» номинациясы бойынша әр саланың үздік қызметкерлері сахна төріне көтеріліп қошеметке бөленді. «Құқық қорғау саласының үздігі» аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Абиыр Ермек. «Үздік салықшы» аудандық кірістер басқармасының басшысы Хасенов Нұртас. «Үздік орманшы» «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Өтегенов Данияр. «Ауылшаруашылық саласының үздігі» Ұзақ батыр ауылдық округі «Ақ-Нұр» шаруа қожалығының төрағасы Әлдибеков Ардақ. «Спорт саласының үздігі» аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің аға жаттықтырушысы Бозбашаев Дүйсен. «Білім саласының үздігі» Т. Жанұзақов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатымбаева Бинара. «Үздік қаржыгер» Сарыжаз ауылдық округі әкімі апаратының бас маман-есепшісі Спатаева Индира. «Мәдениет саласының үздігі» Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Байжұма Медет. «Үздік мемлекеттік қызметкер» аудан әкімі апаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Дәукеев Талғат. «Әлеуметтік саланың үздігі» Қақпақ ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Атанова Несіпхан. «Денсаулық саласының үздігі» аудандық аурухананың реанимотолог дәрігері Қыдырбаев Жанкелді. «Үздік кәсіпкер» Нарынқол ауылдық округінің жас кәсіпкері Бекдәулет Іңкәр. «Үздік әкімшілік» Нарынқол ауылдық округінің әкімдігі деп танылды.Сондай-ақ Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Құрмет грамоталарымен, аудан әкімінің Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен  марапатталғандар да болды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жұмаханұлы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С. Сапиевтің алғыс хатын иеленді.

Марапат иелеріне аудан  әкімі ақжарма тілегін арнады. Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Құдабаев өз кезегінде жылдың жақсы қортындыланғанын айтып, үздік қызметкерлердің жұмыстарына табыс тіледі.  Бұл да болса ауданымыздың жастармен, жаңа мамандармен  толығысқанының бірден-бір дәлелі. Жас мамандарың жаңа ауданымызға келіп еңбек жолын бастап жатқанының көрікті көрінісі іспетті.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ    

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password