ЖЫЛДАР ЖАҚСЫЛЫҒЫНА ТОЛЫ

       Райымбек ауданында 18 дәрігерлік шаңырақ бар. Биылдан бастап 250 адамға арналған емхана құрылысы басталып, пайдалануға беріліп жатса, үлкен игілік болмақ. Аудандық аурухананың ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізудің жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Мұның бәрі облысымыздың әкімі А. Баталов бастаған облыстағы басқармалар тарапынан аудандағы денсаулық сақтау саласын дамытуға арналып жасалып жатқан жақсылық. Өткен жылы аудан аумағындағы Жамбыл, Қақпақ ауылдарында дәрігерлік ғимараттар пайдалануға берілді. Мұндай шарапатты шапағат биылдан бастап таулы өңірдегі Талас, Қаратоған, Жаңа Текес, Көмірші ауылдарына да жасалатын болады. Биыл Қостөбе, Ақбейіт ауылдарына модулдік медициналық пункт ғимараттары қойылады. Аудандық аурухана өткен жылы ғана мобильді заманауи медициналық жылжымалы 2 автокөлікпен, толық жабдықталған 1 автобуспен, 1 дамас автокөлігімен қамтамасыз етілді.

       — Соңғы үш жылдың аумағында аудандық ауруханаға оннан аса жас мамандар келді. Оның ішінде, 1 кардиолог, 1 хирург, 1 гинеколог, 2 травмотолг, 1 эндокринолог дәрігер, 6 жалпы тәжірибелік дәрігерлер бар. Өзім ауруханаға келгелі тәулік бойы жұмыс жасайтын лаборотория, рентген лаборотория, ота жасайтын бөлім жұмыстарын жолға қойдым. Әр күн сайын уақыт күтпей түрлі жағдайлардан ауыр сырқаттар түсіп жатады. Сол кезде керекті мамандарды іздеп әуре болмаймыз,-дейді Райымбек аудандық ауруханасының бас дәрігері Жантас Әкімбаев.

        Ауданның денсаулық сақтау саласына жас мамандардың келіп жатқаны жақсы дүние. Бұған бар жанымызбен қуанамыз. Бұл орайда аудандық ауруханада еңбек етіп жүрген аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гауһар Бөгенбаева, қабылдау бөлімінің дәрігері Назерке Әбдіхалық, емхана меңгерушісі Дәулет Қожақов, терапия бөлімінің меңгерушісі Ернат Әуелханов, кардиолог дәрігер Айжан Тоқтарбаеваның аттарына жылы лебіз білдіреміз.

Қанат БІРЖАНСАЛ,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password