«Жыл адамы — 2020»

        Жаңа жыл мерекесіне орай, аудандық Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде жылды қорытындылау концерті болып өтті. Өткен тышқан жылындағы жеткен жетістіктер мен толағай табыстар ұйымдастырылған шарада өрнек тапты

        Әрбір игілікті істің жүйесін тауып, жеткен жетістік сараланып, соңына нүкте қояр. Еткен еңбек пен төккен тердің де жемісін жейтін сәт сәнімен өрбіді. Осынау қуанышқа мұрындық болып отырған ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік тұрғыдағы дамуына өзіндік үлестерін қосқан, қалың қауымға үлгі болып келе жатқан мамандар мерейленді. Ауданымыз өз алдына шаңырақ көтеріп, іргелі ел атанғанымызға да үш жылдай уақыт өте шықты. Еншімізді алып, етегімізді қымтап жеке аудан мәртебесін алған уақытта жоспарланған жұмыстар өз жүйесін тапты. Соның арқасында талай тірлік табысқа толы болды.

       Өз деңгейінде ұйымдастырылған мерекеде аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов құттықтау сөз сөйлеп, еңбегі ерен мамандарды марапаттады. Аудан әкімінің орынбасарлары Нұрбол Сағатбекұлы мен Самат Сатылғановқа Құрмет грамоталары табысталды. Сондай-ақ, ауданның көркейіп дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласында еңбек етіп жүрген өнерпаздар, спортшылар да осы құрметке ие болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарада «Хантәңірі» халық театры «жыл жаңалығы» ретінде танылды.

       Бұдан басқа «Жыл адамы – 2020» номинациясы бойынша үздік деп танылған бірқатар мамандар марапатталды. Атап айтқанда, Ғалия Әбділдаева, Ұлан Еркеш, Қайнаржан Өзбеков, Мұрат Малдыбаев, Эльбар Жақуанов, Сандуғаш Қаупенбаева,Бақытжан Қайыпбердіұлы,Қайрат Омархалық, Фариза Ысқақова, Қасымжан Рахымбеков, Асхат Сопақов, Еркін Мәлібеков, Мадина Жантаева мерекеде мерейленді.

       Ауданымызда ауыз толтырып айтар жетістіктер аз емес. Оның ішінде қысқы спорттан Сарыжазда шаңғыдан облыстық біріншілік өткізіліп, жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Жыл жаңалығы ретінде танылған аудандық «Хантәңірі» халық театрының облыс орталығында тұсаукесері болды. Өңіріміздегі 3 бірдей білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп, 2 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді. Мерекелік кеште бұдан басқа да жыл жаңалықтар, жарқын істер тілге тиек болды.

Е.Ахметжанов,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password