ЖОЛДАУ! ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ!

       Ағымдағы аптаның қасиетті жұма күні,яғни 3 кыркүйекте аудан әкімдігінде аудан активінің жиыны өткізілді. Жиналысқа аудандық бөлім,құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ZOOM қосымшасы арқылы қатысты.

    Актив жиналысының күн тәртібінде ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын- да белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» бір мәселе қаралды.

       Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов баяндама жасады.

         Құрметті актив мүшелері!

   Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады.

       Ел Президенті Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағытының сабақтастығын сақтай отырып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

     Осылайша, Мемлекет басшысының Жолдауында біздің алдымызға нақты міндеттер қойды.

        І. ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

      Дүниежүзін дүрбелеңге салған пандемия біздің елді де айналып өткен жоқ. Пандемияның зардабын біздің ел де көруде. Алайда, елімізде қиындықтарға қарамастан, экономикалық, мемлекеттік саясатты реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспары және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қабылданды. Мемлекет тарапынан экономикалық дағдарыстың алдын алу масатында дер кезінде қолға алынған шараларға қарамастан, бүгінгі ахуал әлі де күрделі.

     Осы себепті, мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдады.

      Бүгінгі күнде бюджеттің шығыс бөлігіндегі міндеттемелерді орындау үшін бюджет тапшылығы ұлғайып, Ұлттық қордан алынатын трансферттер көбейгендігіне орай, Мемлекет басшысы бюджеттің кірісін арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттілігін, әсіресе мемлекеттік шығыстардың ауқымын және оның тиімді жұмсалуын бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

     Осыған орай, аудандық бюджетке түсетін салық көлемінің өз деңгейінде орындалуын, ауданда бөлінген қаржының нақты бағытында жұмсалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасарлары Ғалым Жусанбаевқа, Самат Сатылғановқа тапсырамын.

    Сонымен қатар, мемлекет басшысы ауа-райының қолайсыздығы мал шаруашылығына тиігізетін кері әсеріне ерекше тоқталып өтті. Үстіміздегі жылы болған жағдай бізде басқа облыстардағыдай өте ушықпаған күннің өзінде де, ауданды айналып кеткен жоқ. Ауданда жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін ұлғайту, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейту, жайылымдық жерді тиімді пайдалану, игерілмей жатқан жерлерді қайтару, жерді нағыз шаруаға беру жұмыстары бойынша нақты шаралар қабылдауды орынбасарым Самат Сатылғановқа тапсырамын.

  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

       Өздеріңізге белгілі коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Бұл індеттің беті әлі қайтқан жоқ. Пандемияның алдын алу мақсатында ауданда нақты шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта бұл індеттің алдын алып, індетті жоюдың жалғыз жолы вакцина алу. Ауданда екпе салу жұмысы жүргізіп жатқанымен, әлі де өз деңгейінде емес.Аудандық емдеу мекемелерінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері екпе алмаған адамдардың өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретіндігі жөніндегі насихат жұмыстарын барынша күшейтулері қажет.

     Сонымен қатар, мемлекет басшысы Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмау, пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау, бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаларға салынбай қалмауына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді. Осы мәселенің ауданда орын алмауын аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы, аудандық аурухананың бас дәрігері Жантас Әкімбаев ерекше назарда ұстаулары қажет.

     III. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

     Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Мемлекет басшысы алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсалатындығы жөнінде атап өтті. Бүгінгі күнде ұстаздар үлкен қолдауға ие болып отыр. Алайда, ауданда білім сапасы көңілге қонатындай жағдайда емес, мектептегі оқушы санының аздығына қарамастан ҰБТ қорытындысы 70 пайыздан аспай отыр. Мемлекеттік грантқа түсе алмаған балалар ақылы оқуға түсуге мәжбүр не болмаса мүлдем оқуға түспей NEET санатындағы жастар қатарына кіруде.

     Бұл мәселеде ұстаздар қауымы шәкірттерге сапалы білім беруге барынша күш салулары қажет.

  Аудандағы білім сапасын арттыру мақсатында аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Үмбеталиевке нақты шаралар қабылдауды тапсырамын.

  1. ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ

       Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс екендігін атап өтті. Халыққа кедергісіз қолайлы ортаны қалыптастыру және мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінде, ауылдық округтерде, білім беру мекемелерінде «Ореn space» форматындағы кеңселер жұмыс жасауда. Сонымен қатар аудан орталығында «Сервистік әкімдік» қызмет көрсетеді.

     Алайда, жергілікті жерлердегі әкімдердің, кейбір мекеме басшыларының өз жұмысына салғырт қарап, тұрғындарға өз деңгейінде қызмет көрсетпеуінің нәтижесінде халық тарапынан наразылықтар туындап жатады. Бұл мәселенің алдын алуға нақты жұмыстары жүргізілуі қажет.

   Аудан әкімінің аппарат басшысы Гуля Кенебаеваға әкімдікке тұрғындар тарапынан келіп түскен арызшағым, өтініштерге сараптама жүргізіп, қандай сала бойынша мәселе өз деңгейінде шешімі табылмағандығы жөнінде анықтама жасауды тапсырамын.

  1. ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ТИІМДІ ЭКОЖҮЙЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

      Короновирус індеті жұмыс істеу тәртібіне едәуір жаңа тәжірибе енгізді. Соның бірі, қашықтықтан жұмыс істеудің дамуы. Бүгінгі күнде интернет желісін пайдалана отырып, өзінің шағын бизнесін дамыту саласы тың серпінге ие болды. Осы орайда, жұмыспен қамтудың жаңа үлгісі пайда болды.

       Ел Президенті Қазақстан – әлеуметтік мемлекет екендігін, сондықтан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі екендігін айтып өтті. Біз ауданда қайырымдылық акцияларын тұрақты жүргізіп келеміз. Алайда, азаматтардың жағымсыз өмір салтын түбегейлі өзгерту қажет екендігіне ерекше назар аударуымыз қажет.

  1. САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

       Саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру – мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі. Соңғы екі жылда біз бұл саладағы өзгерістермен өздеріңіз таныссыздар. Соның бірі, ауыл әкімдерін халықтың дауыс беруі арқылы сайлауы маңызды қадам болды.

       Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет екендігі жөнінде нақты тапсырмалар беріп өтті. Ауданда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында құрылған «Жетісу — адалдық алаңы» жобасының аясында түрлі саланы қамтитын «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Сапалы жол», «Адал жол» жобалары, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін арнайы мониторингтік және ақпараттық-ағарту топтары жұмыс істейді.

    Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын тұрғындар санасына қалыптастыру мақсатында, нақты жұмыстар жүргізуді Нұрбол Сағатбекұлына тапсырамын.

        VII. ҰЛТТЫҢ ҰЙЫСУЫ – ОДАН ӘРІ ДАМУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ        Аудан тұрғындарының 99 пайыздан астамын жергілікті ұлт өкілдері құрайды. Алайда, біз жастарымызға этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін мектеп жасынан бастап дұрыс түсіндіруіміз керек. Бей-берекет ақпарат тасқынына ұрынбай өздерінің байсалды көзқарастарын қалыптастыру мақсатында тәрбие жұмыстарын жүргізуіміз қажет.

    Жолдаудың соңында Ел Президенті халықтың әл–ауқатын көрсетуге арналған 5 бастама көтерді.

  Құрметті актив! Алдағы кезеңде біз өз жұмысымыздың тиімділігін арттыруымыз қажет.

       Президент ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізді.

      Сондықтан, барлығымыз бірлесе отырып аудан экономикасының қарқынды дамуына және халқымыздың әл-ауқатын арттыруға еңбек етуіміз керек.

       Баяндамадан кейін жарыссөзге қатысқан актив мүшелері Жолдауға байланысты түйінді ой-пікірлерін ортаға салды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password