Жолдастық кездесу өткізді

     Жуырда аудандық «Спорттық сауықтыру кешенінде» аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сінің және аудандық пробация қызметінің әділет аға лейтенанты Е.Е.Тажибаевтың ұйымдастыруымен 2021 жылға арналған «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес» пробация есебінде тұрған азаматтар арасында волейболдан жолдастық  кездесу өткізді. Аталған жарыстан кейін пробация есебінде тұрған азаматтарға спорттық деңгейлерін көтеруге, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ауданда спортпен айналысуға көптеген мүмкіндіктер қарастырылғаны туралы пайдалы мағлұматтар берілді. Аудан деңгейінде ұйымдастырылып, жоспарлы түрде өткізіліп жатқан спорттық іс шараларға пробация есебінде тұрған азаматтардың белсене араласуына барлық жағдай қарастырылғаны туралы, сондай ақ алдағы уақытта өтетін спорттық шараларға белсене қатысуға ұсыныс айтылды.

Аудандық жарыстарда өзінің спорттық деңгейін көрсетіп, жақсы нәтиже көрсеткен пробация қызметінде тұрған азаматтар аудан құрамына алынып, аудан намысын облыстық жарыстарда қорғауға барлық мүмкіндіктер бар. Пробация есебінде тұрған азаматтардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануда аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» аудандық пробация қызметіндегі мамандармен алдағы уақытта да бірлесіп жұмыстар жүргізетін болады.

Осындай тұрғыда аудандық «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сінің ұйымдастыруымен 2021 жылға арналған «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес» спорттық сайыстар өткізілді. Жарыстың ашылуында аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің міндетін уақытша атқарушы Е. Құлжабаев «Заң және құқық бөлімі» ММ-нің басшысы С. Абдрамановтар сөз тізгінін алып жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, аудан көлемінде ұйымдастырлып жатқан басқа да спорттық іс-шараларға қытысуға шақырды.

    Шағын футболдан өткен жарыста 1-орынды «Тұлпар» командасы иеленсе, 2-орын «Байтерек» командасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды «Қыран» командасы жеңіп алды.

         Қол күресінен өткен жарыста 1-орыннан Ахметов Бақыт көрінді, 2-орынға Еркін Мейірбек қол жеткізді. Сәдуақас Думан 3 орынға табан тіреді.

      Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сінің арнайы медаль, мадақтамаларымен марапатталды.

Е.Е.ТАЖИБАЕВ,

аудандық пробация қызметінің

аға инспекторы әділет аға лейтенанты.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password