«Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет

        Ауданаралық (қалааралық, облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарға әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобиль мен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау.

        Жұмыс кестесі:

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін түскі үзіліс, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс.

       Қабылдау: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

       Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:

       Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері.

       Көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызмет берушіге Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап — 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

       Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.

       Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нысаны — электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Қайнар Молдажан,

 аудандық «Жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password