Жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылуда
Қазіргі уақытта қауіпті індеттің алдын алу мақсатында адам көп шоғырланатын мекемелер қашықтықтан жұмыс істеп отырғаны белгілі. Осындай кезеңде халыққа ғаламтордың тигізіп отырған пайдасы орасан. Осыған орай, біздің ауданның да шалғай ауылдарына жоғары жылдамдықты талшықты оптикалық интернет желісі тартылуда. Бүгінгі таңда жалпы аудан бойынша 179 км талшықты оптикалық кабельдік желісі тартылып, 14 елді мекендегі 14 мектеп, 11 аурухана, 12 әкімшілік, 8 ауылшаруашылық мекемелері жоғары жылдамдықты интернет желісін талшықты оптикалық кабель арқылы қосып отыр. Сонымен қатар, 800 абонентке жоғары жылдамдықты интернет, ақылы телевидение қызметтері қосылған.
Қыркүйек айында Сарыбастау, Қызылшекара, Жамбыл ауылдарына интернет қондырғылары орнатылып 160 абонентке интернет желісі қосылды. Қостөбе ауылында 5 үйге, Тұзкөл ауылында 2 үйге, интернет желісі орнатылып тұрғындар ғаламторды еш кедергісіз пайдалануда..
Сондай-ақ, ауылдық елді мекен 250+ жобасы бойынша Қайнар, Қызылшекара, Текес, Жаңа Текес, ауылдары 2020 жылы қыркүйек айында, Нарынқол, Жамбыл, Қаратоған, Қарасаз, Тұзкөл, Сарыбастау, Сүмбе, Шалкөде, Талас ауылдарында 2020 жылы желтоқсан айында Tele2, Altel ұялы операторлары іске қосылып 4G интернет беруге жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл, Қаратоған, Тұзкөл елді мекендерде Tele2, Altel базалық станцияларын орнатуға антенна мачталық құрылғысы 2020 жылдың желтоқсан айына дейін салынады. Текес, Жаңа Текес ауылындағы Tele2, Altel базалық станциясының 4G қондырғыларына 2020 жылдың желтоқсан айында жаңарту жұмыстары жүргізілмек.
Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.
0 Пікір