Жетісуда 1 млн. адам екпе салдырды

  Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Ағымдағы жылдың 9 ақпандағы жағдайы бойынша облыста бірінші компонентпен 1 048 360 адам егілді, оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 72292, жүкті әйелдер – 3602 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 12481. Сондай-ақ, 178 325 адам ревакцинация курсынан өтті.
Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге 318 егу кабинеті енгізілді, 76 жылжымалы пункт жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта облыста»Пфайзер» компаниясының «Комирнати», «Sinopharm Vero Cell», «Qaz Covid-in», «Гам-КОВИД-ВАК («Спутник V») қолданылуда.
Вакцинацияға рұқсат алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге, тіркелген жеріңіз бойынша жүгіну немесе порталда электрондық өтінімді жіберу арқылы алдын ала жазылу қажет eGov.kz немесе eGov mobile қосымшасында. Жасөспірімдерге вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
Вакцинация-пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Вакцинация — өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password