ЖЕР –ЕЛДІҢ ТАҒДЫРЫ

       Жер тарихы-халық тарихы, өмір тарихы. Жер –ұлт болмысының түп төркіні. «Жер аялар анаң, дауылды күнде қорғар панаң, шуақты күнде жаныңды жадыратар бау-бақша саяң»- демекші қазақ жерінің иесі-болашақ ұрпақ. Жер ауыл шаруашылық мақсатында нағыз табыстың көзі. Райымбек ауданы ауыл шаруашылығымен айналысатын болғандықтан, осы ауданның әрбір азаматында, өзіне тиеселі егістік және жайылымдық жерлері болу керек. Қазіргі таңда жер мәселесі шешімін таппай тұрған күрделі мәселе. Жерге аудан көлемінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, көшіп кеткен тұрғындардың қайтарылған жерлері анықталып, аудандық жер қорына қайтару жұмыстары ұйымдастырылып, жер жоқ азаматтарға өтініштері негізінде конкурс өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Десек те, Нарынқол, Қызылшекара, Сумбе ауылдық округтеріне қарасты егістік жерлер шекара ішіне орналасқандықтан, қазіргі таңда шекаралы аймаққа қарасты болып отыр. Осы аталған ауылдардағы бұрыннан пайдаланып келе жатқан шаруа қожалықтар, жеке шаруалар жерлерін тұрақты игеруге алаң туғызып отыр. Қосымша осы шекара ішінде бос жатқан жерлерге конкурс шықпайтыны да жер игеруге кері әсерін тигізуде. Осыны билік басында отырған кісілер халықтың мұң-мұқтажына шешілуіне ықпал жасаса нұр үстіне-нұр болатын еді. Қазіргі таңда Сарыбастау ауылына қарасты, Қызылшекара ауылына қарасты егістік жерлерді халық шөбін шауып, өз қажеттілігіне жаратуда. Бірақ-та осы жерлер 15-20 жылдың көлемінде су ішпегендіктен жер тозуға айналған. 1000-даған гектар жер игерілмей отырғаны анық. Не өнім ала алмайды, не шөп шауып қарық болмайды. Бұған себеп, Дараты каналының тозығы жетіп, қаңсып тұрғандығы. Жылдағы халыққа берген құрғақ уәдеден халық әбден шаршаған. Міне көктемгі науқан да аяқталып қалды, суармалы су жоқ болғандықтан көптеген тұрғын жерлерін әлі игере алмай отырған жайы бар. Қарапайым халық былтырғы жылы өздері қаражат жинап, трактор жалдап осы каналды тазалатқан болатын. Бірақ-та қаражат жетпегендіктен, техниканың ескілігінен істеген істерінің өндімегеніне қынжылуда. 2021жылы осы каналға қаралған қаржы тағы да бөлінбегені халықтың еңбекке деген ынтасын су сепкендей басуда. Халықтың үндеуін жеткізу халық сайлаған депутаттың парызы деп білемін.

Е.Е.ЖҰмаҚанов,

аудандық мәслихатының депутаты.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password