ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ПАРЫЗЫМЫЗ

       Сыбайлас жемқорлық деген қоғамның немқұрайлығы және төзімділігі, адамдармен қоғамдық мүддеге қауіп сияқты емес, мінез-құлық нормасы болып қабылданып кеткен сыбайлас жемқорлық, құқықтық мемлекеттің құрылған іргетасын бұзуға бейімделген бақылаудан шыққан күш болуының кепілдігі болып отыр. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

       Еліміздің қазіргі даму жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейтудің қосымша шаралары және құқық қорғаушылық қызметті одан әрі жетілдіру туралы жарлықты қабылдауының маңызы зор. Заң шеңберінде көптеген жұмыстар атқарылуда соның ішінде ҚР 2014 ж. жемқорлыққа қарсы 2015-2025 ж.ж. стратегиясы қабылданды, 2015 ж. 18 қарашада ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң қабылданды. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам ұлт жоспарының» 13 қадамы жемқорлықпен күресуді күшейтуге бағыттылған. Мемлекеттік қызметкерлердің өздеріне белгілі болған сыбайластық құқық бұзушылық оқиғалары туралы хабарлау міндеті енгізіліп, жемқорлыққа қарсы шаралар жасалған.

       Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресейік.

Ш.С. НҰрмекенова,

Райымбек ауданының қазынашылық

басқармасы басшысының орынбасары.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password