ЖЕЛТОҚСАН ЫЗҒАРЫТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

          Тәуелсіздік сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді.

     Желтоқсанның ызғары да, қатып қалған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады. Қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншыларға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне — 30 жыл. Отыз жылда ел жаңа. Еліміз көркейіп, жеріміз жандануда. Бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Еліміз аз уақытта бойын тіктеп, басқа елдерге үлгі бола білді.

     Атаулы мерекеге орай  «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-сынып оқушылары ашық тәрбие сағатын өткізді. Мұндағы басты мақсат-оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елін, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға, гүлдендіруге құштар патриоттық күш-қуаты мол оқушыларды тәрбиелеу. Аталған сыныптың жетекшісі Қоңырбаева Майгүлдің ұйымдастырған сабағы өте жоғары деңгейде өтті. Мектеп табалдырығын биыл ғана аттаған бүлдіршіндер жанарынан от шашып тұр. Желтоқсан жайлы өлеңдер оқып, би билеген бүлдіршіндер қамшы басқызбады. Апайларының берген тапсырмасын бұлжытпай орындаған оқушылар шын білімді әрі өнерлі екендерін дәлелдеді. Мұның бәрі әрине, ұстаздардың еңбегі мен маңдай тері екені анық.

    Тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата-бабаларымыздың асқақ мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін осындай шаралар көп боларына сенім мол. Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егемендігіміз баянды болсын!

Дастан ЖАНАСЫЛ,

Талас ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password