ЖЕЛТОҚСАН АЛАУЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

    Б. Соқпақбаев атындағы мектеп гимназиясында БАҚ өкілдерінің, ұстаздар және ата-аналардың қатысуымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Желтоқсан алауы – Тәуелсіздік бастауы» атты мерекелік кеш болып өтті. Аталған мектептің 1-сынып оқушылары Тәуелсіздіктің қаншалықты құнды екенін жеткізе білді. Ұстаздар мен ата-аналар және қонақтардың алдында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Балдай тәтті тілдерімен Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, ән шырқады.

    30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осы баға жетпес байлығымызды бағалап, болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие беру бәріміздің басты міндетіміз.

Айжан ӘЛІМҚҰЛОВА,

Б.Соқпақбаев атындағы

мектеп-гимназияның мұғалімі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password