Жаяу жүргіншілерге жол салынуда

    Табиғатымен көз тартар таулы өңір күн өткен сайын жаңарып келеді. Аудан орталығы Нарынқол ауылында заманауи ғимараттары бой көтеріп, қызу тіршілік өз жалғасын тауып тұр. Қазіргі кезде көптеген ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Аудан орталығында  жаяу жүргіншілер жолының  (тратуар) жұмыстары басталып, қазіргі кезде жұмыс барысы қарқынды жүруде. Аталған жұмыстарды «Асыл Тау» ЖШС өз мойнына алып, Нарынқол ауылының 13 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының жұмыстарын ойдағыдай жүргізуде. Аталған компанияның атқарған жұмыстары алыс-жақын аймақтарға да мәлім. Бұл компания облыс орталығы Талдықорған қаласында да бірқатар жұмыстарды жүйелі түрде атқарып жатыр. Сондай-ақ, 2017 жылды Қостөбе, Сарыжаз ауылдарына дәл осындай игі істің орындалуына себепші болған. Осы орайда біздің ауданымызда жүргізіп жатқан жұмыстарын сапалы түрде аяқтайды деп сенеміз.

     Бүгінгі таңда Райымбек, Ұзақ көшелеріндегі тас жолдар жөнделіп, жөндеу жұмыстарының 30%  аяқталды. Аталған жұмысқа 9 техника жұмылдырылып,  30-35 адам еңбек етіп жатыр. Жаяу жүргіншілер жолы толықтай аяқталса аудан тұрғындарының өмірінің қауіпсіздігіне де пайдасын тигізетіні анық.

Елдос АХМЕТЖАН,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password