ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫН АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ

           Жатыр мойны обыры алдын алуға болатын аурулар қатарына жатады. Себебі бұл дерттің даму қарқыны өте төмен, преинвазивті мерзімі ұзаққа созылады және де ағзаны қарап, зерттеуге мүмкіндік бар.
Дегенмен кез келген аурудың алдын алып, сақтанған абзал.
30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет қаралуы тиіс.
Онкоскринингтер қатерлі дертті анықтау және алдын алу мақсатында жүргізіледі, сол себепті тұрақты түрде өтіп тұру керек.
Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар.
Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.
Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендердің көмегімен тексеріледі.
Скринингтік зерттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қамтитын қызметтер қатарына кіреді, сонымен қатар ТМККК аясында да жүргізіледі.
• Дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдауға келіп, кеңес алып, тексеріле аласыз.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
​КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password