Жастардың серпінді семинары
18 сәуір күні Қ Шорманов атындағы орта мектебінде «Жас маманың кәсібі біліктілігі мен шеберлігі» атты аудандық жас мамандар семинары өтті. Мектеп фоесінде асқақтап қойылған музыка , жоғарғы денгейде жасалған безендірулер , сонымен қатар « Жастар жылы -2019» эмблемасы, әрбір мектеп жастарының , жас мамандардың жеткен аудан, облыс, республика көлеміндегі алған марапаттарының көрмесі , жастардың өмірінен үзінді жазылған фото суреттер жинағы көңілге қуаныш сыйлады. 100 жылдық тарихы бар мектебіміздегі Қ.Шорманов атындағы өлкетану мұражайын келген қонақтар аралап,өздеріне қажетті материалдар ала білді.
Әсіресе, әрбір жас ұстаздарды тәлімгер жетекшілерімен біоге ортаға шығарып оларға сәттілік тілеулері, келген қонақтарға тебірентіп, осындай тәжірибелі тәлімгерлер тұрғанда жастардың ешнәрседен қаймықпай тәлімгерлері сияқты ұстаздар болатындарына көздері жетті. Семинардың ашылуы салтанатын мектеп директоры А.А.Молдрахманова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнур Бидосова мен Әсем Шыныбекова сәттілік тілеп болашақ жастардың қолында екендігін баса ескертті.
Мектебіміздің жас математик ұстазы С.Жарылқасын 8 «Б» сыныбына «Теңсіздіктерді интервалды әдісі арқылы шешу» сабағы өте жақсы деп бағаланды. Сонымен қатар, жаратылыстану пәнінің жас ұстазы болашағынан жоғары үміт күттіретін М.Тұрсынәлінің 5 «Б» сыныбымен өткізген «Табиғи және жасанды экожүйелер» атты сабағы көпшіліктің көңілінен шығып «өте жақсы» деп бағаланды. Ағылшын пәнінің жас маманы Ә.Абдразақ 6 «А» сыныбымен «Comparative adjectives» , дене тәрбиесі пәнінің жас ұстаз Л.Нүсіпақынова 6 «В» сыныбына сабақтары да жоғары талап деңгейінде өтті. Мектебіміздің жас маман психологтары Г.Мейірманова, А.Тукмухаметовалар ұйымдастырған «Жас маман – жарқын болашақ иесі» атты психологиялық ойын жаттығулары, мектебіміздің болашағынан зор үміт күттіретін математиктері С.Жарылқасын мен А.Тулыбаева «Саралап оқыту», «Жас маманның кәсіби шеберлігі» тәжірибе алаңы да келген қонақтардың көңілінен шығып, үлкен тәжірибе жинақтады деген сенімдеміз. Семинардың соңы көркем еңбек пәнінің жас маманы М.Елеусізованың қол өнер көрмесі, сонымен қатар жас ұстаз М.Азатқали. Б.Шабан. А.Искаковалардың ұйымдастыруымен әдемі концерттік бағдарламаға ұласып, соңында директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Т.Алишеваның ұйымдастыруымен өткен қорытынды кеште, жас ұстаздардың жыл бойы атқарған жұмыс нәтижелері арнайы номинациялар бойынша әрбір жас маман мақтау қағазымен марапатталды. Жастардың жігерін одан әрі жандандырды.
«Мәңгілік Ел болашағы, Ұлт болашағы – жастар қолында» екендігін осындай серпінді семинардан көруге болады.
0 Пікір