ЖАСА, АСҚАҚ АТА ЗАҢ!

  Аудандық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік шара болып өтті. Қазақстан Республикасы үшін орны бөлек мерекенің басын аудан әкімінің орынбасары Ғалым Жусанбаев бастап, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, ауданымыздың дамып, өркендеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

        Мерекеге орай мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас қызметкерлер Ант қабылдады. Аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы Айдарханов Жасұлан, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Мұқаш Жандос, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Кулсаринова Жанна, Қақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сайынов Ердос, Шәлкөде ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ілияс Нұрдостар Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып аудан халқының алдында қызметімізге адал боламыз деп ант етті.

        Сөз кезегін аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балжан Омарова алып, жиналған жұртшылықты мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиынның соңы «Алатау әуендері» концерттік ұйымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password