ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

        Жуырда “Өркен” спорт кешенінде бокстан 2007-2008 жылдары туылған кіші жасөспірім қыздар арасында  Азия Чемпионатына іріктеу және КСРО спорт шебері Дәукен Смагуловты еске алуға арналған Республикалық турнир өткен болатын. Аталған Республикалық турнирде біздің жерлестеріміздің бабы мен бағы қатар шапты десек артық айтқандық емес. Бұлай дейтін себебіміз Нарынқол ауылынан барған боксшы қыздарымыз жақсы нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 2007-2008 жылдары туылған кіші жасөспірім қыздар арасында 63 кг. салмағында бақ сынаған Қасымхан Толғанай 1-орында, сонымен қатар «Үздік боксшы» атағын иеленді. 58 кг. салмақта Жұмағұл Назерке 2-орынды, 44 кг. салмақта Мәуленбай Жұлдызай 3-орынды, 38 кг. салмақта Инабат Талғатқызы 2-орынды жеңіп алды. Спортшы қыздарымыз тек жақсы нәтиже көрсетіп, әлі талай жарыстарды бағындырады деген сенімдеміз. Осы орайда аталған спортшы қыздардың жаттықтырушылары Ізбасар Қалқаман және жұбайы Қожан Аидалардың еңбегі зор екенін атап айтқан жөн. Еңбектеріңіздің жемісін көріп тәрбиелеген шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Айдос ТҰРСЫНБАЙ,

Райымбек  БЖСМ  әдіскері.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password