Жас Отбасылар сайысы
Жуырда аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жас Отау» облыстық жас отбасылар байқауына іріктеу болып өтті. Бұл байқау жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау және қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына көңіл бөлу, бірлігі мен тірлігі жарасқан, берекесі ұйып тұрған отбасыларды үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған. Сайысқа 20-30 жас аралығындағы отбасылар қатысты. Отбасылар бәсекеде өз білімдерін, өнерлерін сынап, спорт түрлерінен жарыс өткізді. Тартысқа толы сайыс аяқталған соң кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау әділқазыларға да оңай болмады. Жарыс болған жерде жеңімпаз болатыны анық. «Жас Отау» отбасылық жас отбасылар байқауында қазылардың шешімімен Сәкеновтар отбасы бас жүлдені, Бейсембаевтар отбасы бірінші орынды жеңіп алып, арнаулы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын осындай шаралар көптеп ұйымдастырылса біздің ауданның жастары биік белестерді бағындырары сөзсіз.
Дастан ЖАНАСЫЛ.
0 Пікір