ЖАС МАМАНДАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

        Өткен жылы Нарынқол ауылында халыққа қызмет көрсету орталығының 2 қабатты, заманауи ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Бұл ғимаратқа аудандық жер кадастр, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, неке бөлімі, зейнетақы төлек орталығы орналасқан. Аудан тұрғындары қажетті жұмыстарын осында келіп бітіріп, мамандарға алғыстарын айтып аттанып жатады.

       -Бізде жалпы 13 маман жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсетеді. Олардың барлығы дерлік жастар,-дейді аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Марат Мұқатаев.

       Бәрекелді! Жастар жүрген жер жалынды, жарқын істеріне толы болатыны анық. Келушілерді жылы қабағы, жайдары жүздерімен қарсы алып, қажетті жұмыстарын тиянақты орындап отыратын Абай Сырымбет, Ұлан Құсайынбай, Сымбат Мұқаш секілді жас мамандарға айтар алғыс мол.

Қанат БІРЖАНСАЛ,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password