Жамбыл облысында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

 Жамбыл облысында, Үңгіртас ауылында, заманауи медициналық құрал -жабдықтармен жабдықталған және барлық талаптарға толық жауап беретін жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Дәрігерлік амбулаторияның негізгі міндеті — аурушаңдықтың, мүгедектіктің, тұрғындар арасындағы өлім -жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс -шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы медициналық тексеруден өткізу. Қабылдау ересектерге де, балаларға да жүргізіледі. Бір ауысымда 35 адамға дейін қабылдауға есептелген емхана ұжымында 12 қызметкер бар, терапевт, гинеколог, стоматолог және басқа да мамандар бар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password