ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ТОЛЫ

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының басты бағыты халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру, халықтың экономикасын көтеру болды. Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға арнайы есеп шот ашылып, қаржы бөліну көзделуде. Балалар болашақта өз мүмкіндіктеріне қарай білім алып, жағдайларын қанағаттандыра алады. Балаға жағдай жасалынса, ана да алаңсыз өмір сүреді. Әлсіз топтарға көмек беріледі. Шағын бизнес дамып, жастарға қолдау көрсетіледі. Бұдан шығатын қорытынды, еліміздің экономикасы дамып, қарыштайды.

        2025 жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызы жақсартылады. Яғни, жақсы жолда жүруге толық мүмкіндік болады. Сонымен бірге, тәрбие саласына басты назар аудару керектігі баса айтылды. Бұл әрқайсысымыздың көкейімізде жүрген мәселе еді. Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, жалақысын көбейту де тыс қалмады. Маған халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған бастамалар қатты ұнады. Еліміздің ертеңі, жарқын болашағы айқын болуы Жолдауда ашық айтылды. Халқымыздың алаңсыз, тыныш өмір сүруі, заманымыздың бейбіт күндері, тыныштығымыз ұзағынан болсын! Қазақстанымыз гүлденіп, алдыңғы қатардан көрінетініне кәміл сенемін!

Балжан Әбуқызы ОМАРОВА,

Райымбек ауданының Құрметті азаматы,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password