«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» ЖАҢАРУ ЖЫЛЫ

       Құрметті Райымбек ауданы тұрғындары! Сіздерді «Жаңа Қазақстанның» бірінші рет тойланып отырған еліміздің демократиялық қайта жаңару жолындағы жақсы бастамаларының бастауы болған жылдың Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

       22 Наурызда күн мен түн теңеліп, түнекті жарық, суықты жылу еңсере бастайды. Тіршілік ұйқыдан оянады. Табиғаттың қайта түлеуі адам баласының жан дүниесін жайма-шуақ күйге бөлеп, жүрегін мейірім мен шапағатқа толтырады. Жақсы тілектер айтылып, дархандық пен берекеге үндейді. Бұлақтың көзін ашып, көшет егіп еңбекке баулиды.

      Барлық адам болашақтан жақсылық, бейбіт өмір, ұрпақ сабақтастығын тілейді.

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16-шы наурыздағы жолдауында еліміздің басқару жүйесінде болатын өзгерістерді атап өтті. Осы өзгерістер жүзеге асырылса елімізде өркендеу, өсу болатындығына сенімдімін.

      Райымбек ауданы бөлініп, өз алдына шаңырақ көтергелі бері халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде жақсы өзгерістер болып жатқанына көз жұма қарауға болмайды.

     Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-деген. Аудан экономикасына барлығымыз еңбек етіп, өз үлесімізді қосуымыз керек.

     Ауылдар өркендесе, аудандар өркендейді, облыстар өркендесе Қазақстан өркендейді. Өркендеудің бастауы ауыл екендігін ұмытпайық дегім келеді.

     Осынау Наурыз мерекесінде күш-қуат еселеніп, жақсылыққа деген құштарлық артып, жанды атаулыны еркінен тыс іңкәрліктің кәусар сезімі баурайды.

     Атадан мирас болып келе жатқан салтымыздың жайнаған шоғы санамы- зды сәулелендірмейінше сәніміз де, мәніміз де жаңғыра алмайды.

      Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Тұрсынбай ИСАНБЕКОВ,

Сарыжаз ауылдық  ақсақалдар

алқасының төрағасы, ақын.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password