Жаңа аудан ­- жаңашылдыққа жол бастайды

     Нарынқол тоқсан жылдық тарихы бар ауыл. Бүгінгі күнге дейін екі рет бөлінген бұрынғы Нарынқол, кәзіргі Райымбек ауданы осы уақытқа дейін қиында қилы күндерді бастан кешірді. Қазіргі таңда жаңа аудан болып бой көтеріп, жаңашылдыққа бағыт бұрып келе жатқан Райымбек ауданы жайлы осы ауданда 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен азамат, аудан әкімінің орынбасары Мәдени Нұрдәулетов мырзадан сұрауды жөн санадық.

Тілші: Өзіңізді аудан халқы сонау совхоз заманынан бергі ауданның құрылуына елеулі еңбек етіп, ауданның ажарлануына ат салысқан азамат ретінде жақсы таниды. Артқа шегініп, сол кездегі Нарынқол ауданы жайлы баяндап берсеңіз?

Мәдени Нұрдаулетов:  Алматыдан ауылға 1983 жылы Қазақ политехника институтынның  құрлыс мамандығын  бітіргеннен кейін келдім. Алматыда қалу мүмкіндігім болса да, арнайы жолдамамен  Нарынқол ауданындағы ПМК- 709 жылжымалы құрлыс мекемесіне  еңбек ақы төлеу инженері болып орналастым.  Осы мезгілден бастап Нарынқол (қазіргі Райымбек)  ауданының өміріне етене араласа бастадым. Мекеме құрылыс мастері, прораб, участок бастығы сынды жауапты жұмыстарды аброймен атқардым. Аудандағы тұрғын үй, мектеп, балабақша, су жүйелерін қалыпқа келтіру, 100 орындық аурухана секілді құрлыстардың қарқынды дамуына өз үлесімді қостым. Естібеков Нұрмолда кеткен соң ПМК-709 құрлыс мекемесінің жағдайы біршама төмендеп, тоқырау үстінде болды. Сол уақытта Бұғыбаев Меліс деген ағамыздың ұсынысымен бірінші хатшы Бақыт Оспанов  ПМК-709  құрлыс мекемесіне басшы етіп тағайындады. Мінекей, сол кезден бастап басшы болып істеуді меңгеріп, ПМК-нің жұмысын алға қоя бастадым. Екі жыл ішінде жылдық атқарылатын жұмыс көлемін 200 мың сомнан 4,5 млн сомға дейін жеткізіп, ПМК-709 мекемесі алдыңғы орынға шықты. Мекеменің материалдық-техникалық базасы нығайды. Аудан көлемінде сәулетті жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, Нарынқолда 320 орындық балабақша, Текесте  1200 орындық мектеп, Көксайда 300 орындық мектеп, Тегістікте және Текес ауылдарында  400 орындық мәдениет үйі, Текес, Тегістік және Нарынқол ауылдарында тұрғын үйлер бой көтерді. Қызылшекара, Тегістікте дәрігерлік амбулатория, Сүмбеде мектепке қосымша ғимарат, Қарқарада 10 тұрғын үй Алматы маңындағы Гүлдала ауылында 10 тұрғын үй  құрлыстарын салдық. Осындай қиын-қыстау замандарда аянбай еңбек етіп, ауданның көркейуіне үлес қосқан мекеме жұмысшыларының еңбегін атап өтпеу мүмкін емес. Сол кездерде мекемеде қызмет істеген ПТО-ның бастығы Қуанышбек Бөлекбаев, прораб болғандар Майыс Билібаев, Жанболат Әуелбеков, Әріпжан Дуанаев, Ғажым Дуанқұлов, Дәурен Терлікбаев,  экономист Ұлтуар Омарова, кадрды басқарған Ағыбаева Гүлзира, бас есепші болған Нұрлан Ақаев, Ысқали Сәдірмеков, шаруашылық меңгерушісі Болат Омаров, энергетик Артур Шамырханов, механиктер Талғат Искаков, Бақыт Батыбаев сияқты азаматтардың көмектері көп тиді.

1991 жылы аудан әкімі болып отырған Ызғарбек Бектұрсынов ауданға орынбарлық қызметке шақырып, сол уақыттан бастап орынбасар қызметін  атқара бастадым. Ол кездерде ауданның тұрмыстық-экономикалық жағдайы өте ауыр еді. Аудандағы құрлыс, энергетика, комуналдық сала, төтенше жағдай, жолаушылар тасымалдау, газ-отын шаруашылығы  саласына жетекшілік  жасадым. Жұмыс орындары жабылып, тоқырау басталған уақыт еді. Бюджеттік мекеме қызметкерлері мен зейнеткерлер 5-6 ай жалақы мен зейнетақы алмады. Бас қосу жиындарында  жалақы мен зейнетақы мәселесі бірінші көтерілетін болды. Жанар май тапшы болып, май құю бекеттерінде жанар майды тізіммен бергіздік, электр қуаты жетпей 3-4 сағатқа жарық та сөніп қалатын күндерді бастан өткіздік.

Тілші: Тоқырау замамына тап болдық дедіңіз, жауапкершілігі мол жұмысты жүктеп алған екенсіз, қиыншылықтан шығудың жолдарын қалай таптыңыз?

Мәдени Нұрдәулетов:  Тоқыраудан шығу оңайға соққан жоқ. Қажырлы еңбек пен тәжірибиенің арқасында оң шешімін таптым. Сол кезде аудан әкімі  Ызғарбек Бектұрсыновтың бастамасымен Райымбек батырға ескерткіш орнату мәселесі көтерілді.  Мүсінін жасауға байқау жариялап, нәтиежесінде мүсінші Құрақбай  Егізбаев деген азамат жасайтын болды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, аудан әкімімен, сәулетшілердің басын қосып ескерткіштің орналасатын орны мен жобасын бекіттік. Ескерткіш салудағы бар жауапкершілікті өз мойныма алдым. Келісіп пішкен тон келте болмайтыны белгілі, ауызбіршілікпен басталған бұл жұмыс аброймен аяқталды. Аудан көлемінде дүбірлетіп батыр бабамыздың тойын өткізіп, ескерткішті аштық.  Ашылуына сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетов арнайы келіп құттықтады.

Сол қиын кездердегі халықтың тұрмыстық жағжайын жоғарлату мақсатында, Ойқарағай көмір кенішін ашу өзекті мәселелердің бірі болды.  «Көмірдің радиациясы бар» деген пікірді алға тартып зерттеу жұмыстарын жүргізіп, республикадан, облыстан бірнеше рет комиссия шақырылып маңызды отырыстар болды. Комиссияның оң қортындысының нәтиежесінде  көмір кеніші ашылып, аудандағы мектептердің қазандықтарын көмірмен жылыта бастадық. Бірте — бірте аудан тұрғындарын да көмірмен қамтамасыздандырып, экономикалық жағдай түзеле бастады. Карьерге дейінгі жолдар мен көпірлер қалыпқа келтіріліп, жол белгілері қойылды. Көмірдің радиациясын өлшейтін құралдар әкелініп, ауыл азаматтарының біразы жұмыспен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Текес ауылындағы  жүн өңдеу фабрикасын іске қосылды. Байынқол өзенінің бойынан алтын өндіру қолға алынды. Бірақ сол кездерде  қаржының тапшылығынан жұмыс барысы тоқтап алды. Бүгінгі таңда Байынқол өзеніндегі Жарқұлақ алтын кен орны қайта іске қосылып өз жұмысын жалғастыруда. Ызғарбек Бектұрсынұлы әкім болып тұрған кезде ауданның экономикалық жағдайы біраз көтерілді. Ол кісі орасан еңбектерімен ел есінде қалды.

Тілші: Екі аудан бөлініп Кеген ауданына қосылған кезде де өз қызметіңізді атқардыңыз, сол кездегі өзгерістер жайында айтып өтсеңіз.

Мәдени Нұрдәулетов:  1997 жылы мамыр айында Елбасының жарлығымен  Кеген ауданы таратылып, Райымбек ауданының орталығы Кегенге көшірілді.  Осы сәттен бастап  Нарынқол өңірінің әрі кете бастады. Ауыл тұрғындары біртіндеп Алматыға көшті. Көптеген әкімшілік ғимараты бос қалып, қирап кетті. Мәселен, аудандық 250 адам қабылдайтын  аурухана, балалар әлемі, орталықтағы универмаг, тұрмыстық қажетін өтеу комитеті сияқты ғимараттардың барлығы қаңырап бос қалды. Нарынқол ауылының ұсқыны қашып, тозып, қатардағы ауылдардың бірі болып қалды. Содан бері аудан ақсақалдары бар, ауданнан шыққан ғылым саласында, өнер саласында жүрген азаматтар бар, сенат депудаттары бар әкімшілік қызметте жүрген жерлес ағайындар барлығы  жоғары жаққа ұсыныс айтып хат жолдаумен болдық. «Нарынқол шекара шебінде орналасқандықтан халықтың бәрі ауылды тастап қалаға көшсе, шекарамыз жалаңаш қалады емес пе?» деп ұсыныстарын жеткізіп келген еді. Бірақ  ұзақ уақыт ешқандай нәтиеже бола қоймады. Расымен де шекараның  шетінде, желдің өтінде орналасқан елді мекендерде тұратын халықты тұрақтандыру мәселесі қайда жүрсек те алдымыздан шыға берді. 2016 жылы «шекаралас елдімекендерді дамыту» туралы  Елбасымыздың   жарлығы шықты. Шекарада орналасқан 50 шақырымдық елді мекендер бағдарламаға енген болатын. Сол жарлықтың аясында  аудан халқы  екі ауданды бөлу мәселесімен  облыс әкімі Амандық Батталов мырзаға өтініш білдіріп, ауылдың жағдайын, хал-ахуалын  жеткізіп көмек сұрап, үлкен үміт күттік. Ауданға ат басын бұрған облыс әкімі Нарынқолдың жағдайын көріп, аралап,  тыныс-тіршілігімен танысып, расымен де құлдырап бара жатқанына көз жеткізді. Сондай-ақ, сол мәселені көтеріп  көмектесетінін айтты.  Елбасына ел тағдырын жіте жеткізіп, мүшкіл болған халықтың жағждайынан хабардар етіп, екі ауданды бөлудің маңызының зор екенін жеткізді. Нәтиежесінде бір жарым жылдан кейін 31- наурызда Елбасының жарлығымен екі ауданды бөлу туралы жарлығы шықты. Нарынқол  Кеген ауданынан бөлініп, 21 жылдан кейін Райымбек ауданы аудан атағына қайта ие болды.

Тілші: Жаңа аудан болып бөліну баршамыздың асқақ арманымыз еді, расымен де қатты қуандық. Енді сол аудан бөлінгеннен кейінгі жағдай мен алдағы аудан экономикасын көтеру мақсатында жүргізілетін жұмыс жоспарларымен бөліссеңіз? 

Мәдени Нұрдәулетов:  Қуанышты хабарды естіген аудан халқы біріне- бірі сүйіншілеп, бөріктерін аспанға лақтырды. Аудан орталығы Нарынқолға көшіріліп, қазіргі таңда  аудан әкімшілігі өз жұмыстарына қызу кірісуде. Аудан, ауыл әкімдігі аппаратының кеңесуімен ауылдың экономикалық жағдайын жақсарту мәселелері жоспарланып, ескірген ғимараттарды қалпына келтіруде, әкімшілік ғимараттарды, басқа да мемлекеттік нысандарды  жаңалап салу мақсатында бюджеттен қаржы сұрап сметалары сызылды. Ең бірінші ауылдың шетінен 20 тұрғын үй құрлысының жобасын дайындап, құрлыс жұмыстарын бастап кеттік. Ол үйлер ауданымызға келіп жұмыс ітеп жатқан мемлекттік қызметкерлерге берілетін болады. Ол үйлердің құрлысына 251 млн теңге бөлінсе, 218 млн теңге  инженерлік  желілерінің құрлысына бөлінді. Бұйыртса 2018 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.  Оның сыртында  тұрғын үй тапшылығы маңызды мәселелердің бірі болып тұрғандықтан, тағы да 80-90-100 кв метрлік 83 үйге тапсырып беріп, бүгінгі күні оның жобасын  дайындалып сараптамаға жіберілді.  Биылғы жылдың соңына қарай құрлыс жұмыстары басталатын болады. Аудан болып бөлінген соң маман тапшылығы  өзекті мәселенің бірі болып тұр. Көптеген мамандар шалғай ауылдардан қатынап, кейбіреуі үй жалдап тұрып, жұмыс жасауда. Сол олқылықтың орнын толтырып, ауылға білімді жастарды тарту мақсатында ендігі салынатын үйлер жас мамандарға берілетін болады. Қазіргі уақытта аудандық әкімшілік аппараты, мемлекеттік мекемелер, Республикалық маңызы бар мекемелер бар барлығы ауылдағы ғимараттарға бөлініп кіріп өз жұмыстарын жасап жатыр. Алдағы күндерде  ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратын, прократураның ғимаратын, сонымен қатар, 83 үйден бөлек  мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік тұрғын салу үшін қаржы бөлінген болатын, құжаттары дайындалып сараптамаға жіберілді. Оның сыртында қалыққа ққызмет көрсету орталығының жобасы дайындалып экспертизалық сараптамадан өткізіліп жатыр. Аудандық мұрағаттың жобасы да жасалынып жатыр. Сондай-ақ, бұрынғы совхоздың гаражы болған жерге спорт сауықтыру кешенін салу мақсатында жобасы әзірленуде.  Аудандық аурухананы  күрделі жөдеуден өткізуге, тағы да бір жаңа емхана құрлысының жобасы да қарастырылуда. Бұрынғы құрлысы аяқталмааған емхана желдің өтінде орналасып, жауын-шашынның салдарынан әбден тозып пайдалануға келмегендіктен оны бұзып орнына жаңа емхана бой көтеретін болады.

Биылғы жылы 246 млн теңге 8,5 шақырым ауыл көшелерінің жөндеу жұмыстарына бөлінген болатын.  Біз қаржыны үнемдей келе 11,5 шақырым көшені асфальттау көзделіп отыр. Келер жылға  567 млн теңгеге Нарынқолдың қалған 29 шақырымдық  барлық көшелері асфалтталатын  болады. Оның сыртында  ескі жолдарды облыс әкімінің тапсырмасымен бұзып, заманауи талапқа сай етіп көше жарықтарын, жаяу жүргіншілер жолын, автокөлік жолдарын қайта жаңғырту  жұмыстарына 15 млн қаржы бөлініп жобасы дайындалуда.  Сондай-ақ, Райымбек ауданына қарасты 11 ауылдық округ, 20 елдімекен болса соның 80 пайызының  ауыз су мәселесін шешіп, су құбырларын күрделі жөндеуден өткізіп қойдық. Қақпақ ауылының су құбырланын жаңалап, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге 150 млн теңге бөлініп, 11 шақырым су құбырын тарту жұмысы басталды, келер жылы толығымен аяқталады. Қазіргі уақытта жобасы жасалынып, бірақ қаржы бөлінбей  жобаның сараптамалық мерзімі өтіп кеткен Қызылшекара, Қарасаз, Жамбыл  ауылдарының ауызсуын  қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаты қайта әзірленуде.  Қақпақ ауылындағы Жәмеңке орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысы басталып, биыл шатыры ауыстырылды, келер жылы ішкі жұмыстарының құрлысы жалғасын табады. Оған 41 млн теңге бөлініп отыр. Келер жылдың еншісінде  М. Мақатаев, Ш.Уалиханов мектептерінің жөндеу жұмыстары сонымен қатар, аудандағы елдімекендер арасындағы көлік жолдарын жөндеу де жоспарда жоқ емес. Биылғы жылы Қаратоған мен Нарынқол арасындағы жол ағымдағы жөндеуден өткізілді. Келер жылы Қарасаз бен Тұзкөлдің арасындағы жолды жөндесек деген ниетіміз бар. Жалпы  Нарынқол тамаша табиғаттың аясында орналасқан, жайқалған жасыл белдердмен белдесіп жатқан ауыл болғандықтан туристік бағытты дамытуда мүмкіндіктер зор. Шоғансай, Ақкөл сынды демалыс орындарына басты назар аударып көркейуін қолға аламыз. Хантәңірі шыңына апаратын  жолды жөндеп қалпына келтірсек деген жоспардамыз. Сонымен бірге, ауданымыз таудың сағасында орналасқандықтан таудан аққан өзендерді пайдалана отырып, су электр станциясын салу мәселесі көтерілуде. Текес өзенінің бойы Құтырғаннан бастап Қайнарға дейін, Байынқол өзенінен  Қаратоғанға дейінгі аралықтарында  зор мүмкіндіктер бар. Оның сыртыныда табиғи қазба жұмыстарын қолға алып, «Марум Жар  Голд»  ЖШС-гі алтын өндіру жұмыстарының көлемін ұлғайтып,  Текес ауылының маңынан алтын фабрикасын ашқан.  «Gold production» ЖШС компаниясы Байынқол өзенінің бойына дейінгі аралықтан алтын өндіру жұмыстарына зерттеу жүргізіп, жұмыс көзін ашсақ деп ұсыныс тастап отыр. Жаңадан ашылатын алтын кен орындары ауыл, аудан азаматтарының жұмыс көзі, ауданға инвестициялық мүмкіндік болып табылады. Одан бөлек  аудан әкімінің бастамасымен, облыс әкімінің қолдауымен елімізге Голландиядан жоғарғы сорттық картоп әкеліп 250 гектар жерді алатын алқапқа септік. Биылғы жылдың өзінде сапалы, ойдағыдай өнім берді. Сол 250 гектар картоп алаңың 3 жылдың ішінде 3000 гектарға жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Сонымен қатар, Қақпақ ауылының маңынан 1000 гектар жерге малина ексек деген ойымыз бар. Биылғы жылы орыны дайындалып 400 гетар жерге егуге жоспарлап отырмыз, келер жылы 600 гектар жерге көбейтіп өнім аламыз.

Мал шаруашылығына келер болса, малдарды асылдандыруға байланысты Шәлкөде жайлауынан  3000 бастық мал бордақылау алаңын салсақ деп отырмыз. Әр ауылдық округтерде ұсақ малдарды  асылдандыруға байланысты келіссөздер жүргізіп, тәжрибие алмастырсақ, Текес ауылындағы жүн жуатын орынды қайта іске қосып  инвестиция көзін көбейтсек. Аудан болып бөлінген соң әр саланы іске қосып, екпінді еңбек етсек ел экономикасы мен әл-аухаты жақсарып, үздік аудандандардың қатарынан көрінуіміз бек мүмкін.

Тілші: Аудан болып бөлген соң шалғай аудандардан көмек ретінде жасап жатқан жұмыстарына қарап ел сүйсініп жүр, сол жайында не айтасыз?

Мәдени Нұрдәулетов:  Иә, ол рас! Облыс әкімі А.Батталов мырза  өзге аудандардан Райымбек ауданының көркеюіне, абаттандыруға ат салысуға тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың нәтиежесінде Қапшағай қаласы балаларға арналған ойын алаңын салып берсе, Алакөл ауданы спорт жаттығу алаңын, балалар ойын алаңын салып берді. Панфилов ауданы аудан орталығынан 12 түрлі балаларға арналған ойын  құралдары бар алаң салып берді. Балхаш, Жамбыл аудандары  негізгі көшелердің жарығын орнатып, жәрдемдесіп жатыр. Қарасай ауданы аудан орталығындағы ескі ғимараттардың  шатырын ауыстырып, сыртын сылап, терезелерін ауыстырып  беріп жатыр. Ұйғыр, Көксу, Іле аудандары тозығы жеткен көп пәтерлі тұрғын үйлердің шатырын ауыстырып жатыр. Сонмен қатар, осы ауылдың тумасы бүгінде Іле ауданынан  облыстық  мәслихатының депутаты , бүгінде  «БТК GROUP»  ЖШС компаниясының жетекшісі Тоқан Ботабеков ауылымызға кіре берістен биіктігі 9,70, ені 12 метрді құрайтын көз тартар көрікті қақпа салып беріп отыр. Сырты тот баспайтын (нержавейка) металлымен қапталып, қос бағаны мен маңдайшасы ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен   әсемдеп,бедерленген қақпа халықтың көңілін марқайтты. Мінекей, өзге аудандардың осындай нәтиежелі еңбектерімен, көмектерін елеусіз қалдыруға болмас, аудан атынан әкімшілік атынан алғысымыз шексіз.

Тілші: Тамыз маслихатының жиынында халық тарапынан аудан орталығынан «Назарбаев зияткерлік»  мектебін ашсақ деген ұсыныс түскенін естіген едім, ондай ұсыныстарды қаншалықты қолдайсыздар?

Мәдени Нұрдәулетов: Иә, ондай ұсыныс түскені рас. Аудан азаматтарынан, тұрғындарынын атынан болашақ ұрпақтың білімді болып қалыптасуына жағдай жасап, білімі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында аудан орталығыннан «Назарбаев зияткерлік» мектебін ашсақ деген ұсыныстары өте орынды. Ауданымызға керек жобаның бірі деп ойлаймын. Алдағы уақытта ол жайлы да кеңінен ақылдасып, жоспарлайтын боламыз әзірге ұсыныс ретінде қабылдадық. Сондай-ақ, «Ауданымыздағы он саусағынан өнер тамған шеберлер мен қолөнершілердің басын біріктіріп, ұлттық мұрамыз бен асыл қазыналарымызды ұлықтап, насихаттау мақсатында, сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп мирас етіп қалдыру мақсатында аудан орталығынан «шеберлер ауылын» ашсақ, мектеп оқушыларын, ауыл жастарын курсқа қабылдап, ұлттық өнерді меңгерулеріне жағдай жасасақ» деген ауыл жастарынан да ұтымды ұсыныстар түсіп жатыр. Бұл жайлы да алдағы уақытта ойланып, талқылайтын боламыз.

Тілші: Істеріңізге береке тілейміз, сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Мәдени Нұрдәулетов: Осындай өзекті мәселелерді жоспарлап, уақытымыздың ыңғайына қарай қолымыздан келгенше ауданымызды абаттандыруға, көркейтуге аянбай еңбек етіп жатырмыз. Болашақта үздік, үлгілі аудандардың қатарынан көрінеміз деп сенемін. Рақмет!

 

Сұхбаттасқан «Хантәңірі» газетінің

тілшісі Айнаш Әлдибек

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password