Жұртшылық жүрегіндегі жарқын бейне

      Бұл  кітапқа  естелік  жазарда  мен  өткен  өмірді, уақытты  Нұрбатыр  Орынбаев  сынды   абзал  азамат  туралы  білетін  біраз  өміріміздің   өткен  тарихын   еске  тусіруге  тура  келді.

     Сол  жылдардың   біз  үшін  бекер  өтпегеніне  көзім  жетті. Мен  Нұрбатырдың  жүріп  өткен  еңбек  жолын  артында  қалдырған  ізгіде    өнегелі  еңбек  жолдарын   білетіндердің   бірімін. Сол  үшін   өзіме   ризамын  десем   артық  айтқандық  емес   деп  есептеймін.

     Нұрбатыр  Орынбаев  туралы  айтқанда   ең  бірінші   оның  адамгершілік  тұлғасы,  елі  үшін  жасаған  ерен  еңбегі , елдің   болашағын  тәрбиелеудегі   атқарған  жұмыстары  әрқашан  есте  тұрады.   Өйткені  ол   бар саналы  өмірін  өмірінің  соңғы  күндеріне  дейін   адамзат  баласының  болашақ  ұрпағын  тәрбиелеуге , білім  беруге  арнады.

      Райымбек  ауданының  білім  бөлімін 22  жыл  абыроймен басқарды.  Аудандық  білім  бөлімін  көп  жыл  басқару  ол  кездегі  талапқа сай   мүмкін  емес  еді. Өйткені  ол ауыр  да  талабы  жоғары  жұмыс еді.  Ол  кездегі  тәртіп  бойынша   Ауданық  білім  бөлімінің  бастығын   ешқашан  тұрақтатпай   үнемі  ауыстырумен  болатын.  Сол  жұмысты   тұрақты да  жанкештілікпен   адал  жұмыс  істеп  келе  жатқан  Нұрбатырға  Райымбек  ауданының   сол  кездегі  жаңа  келген  әкімі   Аян  Айытжанов  Орынбаев  жолддас  сен  қалай  бұл  жұмыста   22  жыл  бойы   ауыспай   істеп  келе  жатырсың  деп   таңқала  және  сынағандай  пікір  айтса  керек.   Сол  әкім  Нұрбатырдың   көп  жылғы  осы  орында  отырғанына   іштарлығыма   әлде  басақа  да   жерлестік  деген  қазақтың   жаман  әдетіненде   әйтеуір  сол  әкім   Нұрбатырдың  өзінің  қалауымен   арыз  жазып , істеген  жұмысынан  ауысып  Республикалық  мұғалімдердің  білімін  жетілдіру   институтына  орналасып  кетуіне   себепші  болды.   Сол  жылдары   бірде  Нұрбатырмен  Алматыда  кездескенде  Әбеке   біз  ауылда , ауданда  өте  ауыр   жағдайда   жұмыс  атқарып  өмірімізді  өксітіптік  қой  дегені  есімде.  Шын  мәнінде  Аудандық  білім   бөлімін басқару  жоғары  орындардың  қысымында   жұмыс  істеу   ауыр  болғанын   біздерде  кейін  түсіндік  емеспе. Ал  Нұрбатыр  болса   терең  білімімен   еңбекқорлығының  арқасында   22  жыл  басшы  болып  жұмыс   істеді.

      Мен  Нұрбатырмен  сол  жылдарда   мектеп  директоры  ретінде   бірге  жұмыс  істегендіктен  сол  жылдардағы   Нұрбатырдың  еңбегінің  куәсі  болдым. Өмірде   басшылық  жұмыста  жұмсақ  орын,  шалқыған  өмір  деп  түсіну   бар.  Бірақ  өзіңе  сеніп  тапсырған   жұмыстың  жауапкершілігін  көтеру , абыроймен  атқару, тынымсыз  еңбек пен  парасаттылықты, ізденіспен  терең  білімді , тынымсыз  күндермен   ұйқысыз  түндерді  қажет  етеді.  Нұрбатыр  Орынбаев  осы  талаптардан   шыға  білген   азамат еді.

    Нұрбатырдың   аудандық  білім  бөлімін  22  жыл  басқару  кезінде   менің  30  жыл   мектеп  директоры  болып  жұмыс  істеген  жылдарымның  22  жылында да   Нұрбатырдың  қармағында   бірге  жұмыс  істедім.   Жұмыс  барысында   оның  көптеген  қамқорлығын  көрдім. Екеу ара  сыйластық  пен   бір — бірімізді   құрметтеу   жағдайында   бір- бірімізді  дұрыс  бағалау жағдайында  араластық.   Мен  оның  жасы  кіші  болсада   жұмыс  тәртібі  үшін  сіз  дегеннен  танған  емеспін.   Ол  болса  Әбеке  дегеннен   басқалай  атамаушы  еді.  Нұрбатыр   елін, жерін, табиғатын  ерекше  бағалайтын.  Біздің  ауылда  Көміршіде   тау  арасында   керемет  табиғатымен  үйлескен   арасан бар.  Нұрбатыр   отбасымен   сол  арасанға   табиғат  аясына  жиі  келетін.   Ал  ауылдағы  мектеп  басшысы  және   ауыл   азаматы  ретінде   Нұрбатырды  және   арасанға  келетін  басқада  қонақтарды   күту  менің  міндетім  еді.  Ал  Нұрбатырды  бірге  келген  қонақтарын   күту  мектеп  директоры,  ерекше  сыйласатын  адам  ретінде  маған  міндет  еді.  Ондай  кездерде   Нұрбатыр  өзін  басшы  ретінде  емес  өзіңмен  етене  жақын  адам  ретінде   сыйластық  сезімге  бөлейтін.  Нұрбатыр  денсаулығына   сәйкес  арасанға  жиі  келетін.  Таудың  табиғатын   өте  сүйуші  еді. Ер  адамның  ел құрметіне  бөленуі  өз   өмірінде  биікке  көтерілуі   әрине  оның  өмірлік  серігі жарыма  байланысты.  Бұл  тұрғыда  Нұрбатыр  мен  Сания   өте  салауатты   отбасы  еді.   Салауатты  отбасының үлгісін  қай  жағдайда да   көрсете  білді.  Өмірге  бірнеше  ұрпақтар  әкелді, өсірді,  оқытты, жақсы  тәрбие  берді. Балалары   инабатты, үлгілі оқыған  ұл қыздар  болып  өсті .

     Ал  Санияны  біз   жібектей  мінезі  үшін  үнемі  мақтап  отырамыз.  Нұрбатыр  Орынбаевтың   артында   ұйыған  отбасысы   білімді  өнегелі  ұрпағы  қалды.

    Біреулер  ұзақ  жасайды  бірақ  артында  жақсы  деген  аты  мен   өшпес   ізін қалдыра  алмайды.  Ал  Нұрбатыр  аз  ғұмыр  кешкенімен   өз  еңбегімен, өзінің  ерекше  болмысымен  көпшіліктің  жүрегінде  сақталып  қалды.  Сол  үшінде  Нұрбатыр  біз  үші  әлі  тірі. Өйткені  оны  еске  алатын  халқы,  бірге  жүрген  жолдастары, қызыметтестері  бар.  Оның  өмірін  жалғастырып  отырған  ұрпақтары  бар.  Табиғат  соларға   ұзақ  өмір  берсін.

Әметхан   Қанапьияев, 

Көмірші  ауылының  ақсақалы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password