ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНА ТҮСТІ

     Ауданымызға жаңа тағайындалған басшы Дүйсенбаев Берік Фатықұлы өз жұмысын ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралаудан бастады. Бүгінгі күні аудан орталығы Нарынқол ауылында алты бірдей нысанның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Нарынқол ауылдық округі әкімдігінің ғимараты, 20 жалгерлік тұрғын үй, жастар саябағы, өрт сөндіру ғимараты, аудандық архив және 250 орындық емхана ғимараты. Аталған нысандарды жеке-жеке аралап, жұмыстарымен танысып шыққан аудан әкімі әр ғимарат заманауи әрі сапалы болуы керек екенін мердігер компания өкілдеріне қатаң тапсырды. Сонымен қатар, әр нысанның жұмысы кестеге сәйкес жүргізілуін жауапты мамандарға жүктеп, өзі бақылауында ұстайтынын айтты.

        Сарыбастау ауылындағы С.Сауранбаев атындағы орта мектептің құрылыс жұмыстарын да тексеріп шықты. 640 шәкіртке арналған оқу орнының құрылысын  ТОО «СМУ Шығыс» компаниясы қолға алған. Қазіргі уақытта оқу орнының 95% құрылысы аяқталған. Айта кетерлігі аталған мектептің құрылысы ауыспалы нысан ретінде маусым айында басталған болатын.

        Аудан басшысы Қақпақ ауылындағы «Үш Қақпақ» сервистік дайындау орталығы және «Бақыт» шаруа қожалығының өкілдерімен кездесіп қайтты. Кездесу барысында биылғы жылғы картоп өнімі және ауылшаруашылығы техникалары жөнінде сөз өрбіді. Сонымен қатар, алдағы уақытта аудандағы барлық шарулармен жиын өткізіп, әр шаруа қожалықтарды аралап шығатынын жасырмады. Аталған шаруа қожалық өкілдерінің көтерген бірқатар мәселелерін тыңдап, алдағы уақытта түйіткілді мәселерді бірге шешетінін жеткізді.

        Тұзкөл ауылындағы ауыз су құбырының сорғысы (насос) істен шығуына байланысты аталған ауылға ат басын бұрып су құбырын өз көзімен көріп қайтты. Аталған мәселеге орай ауылда орталықтандырылған ауыз су жүйесі тоқтап тұр екен. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары бірнеше жыл бұрын ауылдың жоғары жағындағы бастаудан тартылған су құбырынан су алып отыр. Істен шыққан сорғының орнына жаңа сорғы алынған. Қазіргі таңда су құбыры іске қосылып, ауыл халқы ауыз судан қиындық көріп отырған жоқ.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password