ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ӨРНЕК ТАПТЫ

    Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев ауданымызда қоғамдық кеңес, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Ел аманатын арқалап жүрген азамат бұл жиынның басты мақсаты ашық пікір алмасып, ұсыныстарды ортаға салып содан нәтиже шығару екенін айтып, өз сөзін бастады. Осы күнге дейін айтылып жүрген мәселелерді Парламент қабырғасында көтергенін айтып, алдағы уақытта өз шешімін табатынын жеткізді. Бұл жолғы кездесу барысында да өз шешімін таппай жүрген біраз мәселелер көтерілді.

       Аудандық аурухананың басшысы Жантас Әкімбаев.

      — Ауданда дәрігер маманы жетіспейді. Осындай мәселелер барлық жерлерде кездесетіні анық. Бұл мәселені шешудің бір жолы — бұрынғы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтын қайта ашу. Осы мәселені қаперіңізден шығармай, алдағы уақытта көмектесуіңізді сұраймын, — деді.

  Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Әлқожаұлы құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу бойынша сөз қозғады. Құрылыс жұмысы жоспарланып, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталып жұмысты бастағанша ұзақ уақыт өтеді. Осы тұстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе деген ұсынысын ортаға салды.

      ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж. Жөргенбаев өңірдегі шешімін таппай, қордаланып тұрған мәселелерді өзі келіп, ел аузынан естіп, алдағы уақытта осы мәселелерді шешу жолында аянбай еңбек ететінін айтты.

«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password